Bridge on the sky background
©

Luke Fowler, ENCEINDRE, 2018. Courtesy of the artist and The Modern Institute/Toby Webster Ltd, Glasgow

Date
Сенбі 21 Қыркүйек 2019 - 12:00 қа Жексенбі 20 Қазан 2019 - 19:30
Location
Алматы

OLD WORLD ORDER / NEW WORLD ORDERS – BRITISH COUNCIL ЖӘНЕ LUX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРТ-АГЕНТТІГІНІҢ КОЛЛЕКЦИЯСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БРИТАНДЫҚ СУРЕТШІЛЕРДІҢ МЕДИА-АРТ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢА КӨРМЕСІ. ЭКСПОЗИЦИЯ АЛМАТЫ ҚАЛАДА ARTMEKEN ГАЛЛЕРЕЯСЫНДА 2019 ЖЫЛҒЫ 21 ҚЫРКҮЙЕКТЕН 20 ҚАЗАНҒА  ДЕЙІН НАЗАРҒА ҰСЫНЫЛАДЫ. 

Қазіргі заманғы әлем жаңа қоғамдық құрылымдардың және адамдар топтарының пайда болуымен, бұрыннан бар адамдар бірлестіктерінің трансформациялануымен ерекшеленеді. Үйреншікті қоғамдық шекараларды өзгерте отырып, біз аса өзекті сәйкестік және тиістілік мәселелеріне тап боламыз. Мұндай жағдайда тарих бізге қандай әңгіме айтуы мүмкін? 

Көрменің OLD WORLD ORDER / NEW WORLD ORDERS деген атауын қазақ тіліне «Бұрынғы әлемдік тәртіп / Жаңа әлемдік тәртіптер» деп аударуға болады. Назарға ұсынылған жұмыстар материалдық және материалдық емес мәдени мұра, қазіргі заманғы мәдениет, жалпы сәйкестік және қоғамның ынтымағы тақырыптарын ашады. 

Британдық алты суретші бұл мәселелерді өмірбаяндық және деректі кино жанры, поэзия және көркемдік ойдан шығару арқылы зерттейді. 

Artmeken галлереясының мекенжайы: Н. Назарбаев даңғылы 149
2019 жылғы 21 қыркүйек – 20 қазан
Мұражай күн сайын сағат 12.00-ден бастап 19.30-ге дейін жұмыс істейді  (дүйсенбіден басқа)

Көрме шеңберінде медиа форматта жұмыс істейтін суретшілермен, сондай-ақ шығармашылығында алдағы мультимедиялық көрменің тақырыптары көрініс тауып отырған зерттеушілермен апта сайынғы жария дәрістер өткізу жоспарланып отыр.