Scholarship Alert – Coventry University London Campus
Scholarship Alert – Coventry University London Campus
Date
Сейсенбі 14 Қазан 2014 - 00:00 қа Сенбі 01 November 2014 - 00:00
Location
Лондон, Ұлыбритания

Ковентри Университетінің Лондондағы филиалы бакалавриат және дипломнан кейін білім алу бағдарламаларына түскісі келетін адамдарды шақырады. Шетелде оқу үшін едәуір қаржы шығару қажет екенін түсінеміз, сондықтан Ковентри Университетінің Лондондағы филиалында оқығысы келетіндер үшін бірқатар шегерімдер мен стипендияларды ұсынады. 

СТИПЕНДИЯЛАР 

  • Бакалавриат студенттеріне оқудағы жетістіктері үшін берілетін халықаралық стипендия  (бірінші оқу жылында £1 000) академиялық үлгерімі үшін тағайындалады. 
  • Дипломнан кейін оқыту бағдарламасының студенттеріне оқудағы жетістіктері үшін берілетін халықаралық стипендия (£1 500) академиялық үлгерімінің нәтижелері бойынша, оқу ақысының 1/3 (үштен бір) бөлігі мөлшеріндегі депозитті 2014 жылғы 1 қарашаға дейін енгізетін өтінушілерге  тағайындалады. 
  • Мұнай-газ саласында маманданатын  магистратура студенттеріне арналған Genesis стипендиясы (£5 000) оқуға түскен барлық студенттердің ішінен екі студентке беріледі.

Мұнай-газ саласында қызметтер көрсететін аса ірі кәсіпорын, 16 елде офистері бар Genesis компаниясымен ынтымақтаса отырып, Ковентри Университетінің Лондондағы филиалы мұнай-газ саласында маманданатын  магистратура студенттеріне £5 000 мөлшерінде стипендия ұсынады. 

Genesis компаниясы кеңестеме беру қызметінде, жер астында жобалау ісінде және теңіздегі нысандардың құрылысын салу жобаларында маманданады. Genesis компаниясының клиенттерінің қатарында ірі мұнай-газ компаниялары мен тәуелсіз барлаушы компаниялар бар. Жаңа стипендиялық бағдарламаны енгізе отырып, Genesis компаниясы мен Ковентри Университетінің Лондондағы филиалы әлемнің кез келген елінен келген, мұнай-газ секторындағы болашақ дарынды мамандарға қолдау көрсетуге ұмтылады. Стипендия туралы өтініштер 2014 жылғы 1 қарашаға дейін қабылданады. Қосымша ақпаратпен сілтемесі бойынша танысуға болады. 

ШЕГЕРІМДЕР 

Студенттерге сондай-ақ бірқатар шегерімдер ұсынылады. Оқу ақысын толық төлеген студенттер £500 мөлшерінде шегерім ала алады. Сондай-ақ £500 мөлшеріндегі шегерім университеттің бұрынғы студенттері үшін көзделген. 

Стипендиялар мен шегерімдер туралы қосымша ақпарат сілтемесі арқылы ашылады. 

Студентке бір мезгілде әр түрлі стипендиялар мен шегерімдер берілуі мүмкін, шекті сомалар көзделмеген.