БРИТАНИЯҒА ЖОЛСАПАРДЫ ҰТЫП АЛ!
Британдық аужайға терең бойлағың келе ме? Жасампаздық идеяларың бар ма және оларды баршаға көрсеткің келе ме? Онда сенде Британиядағы тіл курстарын ұтып алу үшін тамаша мүмкіндік бар!
Британияның нағыз тұрғынының кейпі қандай болатынын бізге көрсет! Саған бар керегі:
- Education UK көрмесіне тіркел де, біздің Фейсбук және ВКонтакте парақшамызға жазыл
- Өзіңді фотоға түсір де, графикалық бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдаланып, өзіңді британдықтың кейпінде бейнеле. Өзіңнің ең жасампаз идеяларыңды іс жүзіне асыр!
- Еңбегіңді Instagram немесе Вконтакте қолданбасына #eduvuk хэштегімен орналастыр!
Конкурс 31 қазанға дейін өтеді. Осы мерзімнен кейін орналастырылған еңбектер қарастырылмайды.
Британдық Кеңес пен Ұлыбритания Елшілігінің қызметкерлерінен құралатын сарапшы қазылар алқасы ең қызықты әрі біртума еңбектерін ұсынған үш жеңімпазды таңдап алады. Жеңімпаздардың аттарын біз 2015 жылғы 31 қазанда Астанадағы EducationUK көрмесінде хабарлаймыз! Олар сондай-ақ 2015 жылғы 31 қазанда Фейсбук желісіндегі British Council Kazakhstan бетінде жарияланады.
Education UK көрмесінің шеңберінде ұйымдастырылған конкурстардың барлығына қатыса отырып, сіз оларды өткізу шарттарымен автоматты түрде келісесіз.
Әр жүлде мыналарды қамтиды:
- Ағылшын тілінің тегін курсы
- Тұрғын жай
- Ойын-сауық бағдарламасы
Ұшу сапарының ақысы мен басқа да ілеспе шығындарды жеңімпаз өзі өтейді.
Қосымша ақпарат алуға арналған байланыс деректері: эл.мекенжай, тел.: +7 (727) 244 41 44.