Date
Бейсенбі 12 June 2014 - 00:00 қа Жұма 18 July 2014 - 00:00
Location
Қазақстан

British Council View From Here халықаралық қысқа метражды фильмдер конкурсына қатысуға шақырады, оның шеңберінде сіз British Council Film Collection коллекциясындағы киноматериалдарды пайдаланып өз фильміңізді монтаждай аласыз.

Сіз қазіргі заманғы кескіндерді қосып немесе дыбыс жазудың жаңа әдістері мен техникалық амалдарды қолдана отырып, жаңа дыбыстық жолды немесе кадрдан тыс түсіндірмені үстеп, өз кадрларыңызды кірістіріп, көне кинохроникадағы орынды немесе объектіні таңдап, оларды ауыстыра аласыз. Немесе сіз фильм түсіріп, онда Коллекцияға кірген фильмдер қазіргі уақытта Ұлыбританияда халықтың қалай өмір сүретінін, жұмыс істейтінін, көңіл көтеретінін басқа әлемге көрсету мақсатымен түсірілетін болса, олардың қандай тақырыптарды аша алатынын көрсете аласыз. Немесе біздің фильмдермен салыстыру арқылы өз еліңіздің сәулетін, табиғат көріністерін немесе өнеркәсіп объектілерін көрсетіп, еліңіз туралы әңгімелей аласыз.

Фильм 3 минуттан артыққа созылмауға тиіс. Оны қимылды кескіндердің кез келген түрін (ұялы телефон, Flip камерасы, бейнекамера немесе кәсіптік кинокамера) пайдалана отырып, кез келген пішімде жасауға болады. Фильмді мынадай сұрақтарды қоюдың мүмкіндігі ретінде пайдаланыңыз: ‘Ол кезде біз кім едік? Қазір біз кімбіз?’
Бірақ ең алдымен "View From Here" фильмін жасау үдерісінен рахат алыңыз!

Конкурсқа бүкіл дүние жүзіндегі оқушылардың немесе студенттердің топтық немесе жеке өтінімдері қабылданады. «Оскар» сыйлығының лауреаты режиссер Кевин МакДональд, «Бекхэм сияқты ойна» фильмінің режиссері Гуриндер Чадха және жүргізушілер Клаудия Уинклман мен Эдит Бауман мүшелері болып табылатын әділқазылар алқасы бірнеше жеңімпазды іріктейді.

Жұмыстар British Council веб-сайтында назарға ұсынылады; жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріледі, соның ішінде олар Pinewood Studios киностудиясына экскурсия жасайды, «Гарри Поттер» фильмдері түсірілген студияға барып, Лондон кинофестивалінде болатын гала-қойылымға билет алады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2014 жылғы 18 шілде, жұмаға дейін.

Қосымша ақпарат