Date
Жұма 12 Мамыр 2017 қа Сәрсенбі 31 Мамыр 2017

British Council, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан-Британ техникалық университеті және «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ «БізАлматы» жобасына жаттықтырушы ретінде қатысу туралы өтінімдерді қабылдайтыны жайлы жариялайды.

Жоба туралы 

«БізАлматы» жобасын Еуропалық Одақ қаржыландырады. Жобаның мақсаты – Алматы қаласының мәдениет, бизнес саласында 2020 жылға дейінгі дамуының және азаматтық қоғамды белгілі бір бағытта дамыту арқылы «белсенді азаматтар қаласын» қалыптастыру бағдарламасын іске асыру жағынан оған көмектесу. 

Жоба қала құрылысы мен әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында қоғамдық ұйымдар мен жергілікті билік органдарының Алматы қаласының экономикасын дамытуға азаматтарды тартуға және әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға қажетті машықтары мен мүмкіндіктері болуы үшін олардың әлеуетін арттыруға ықпалдасатын болады.

«Құзыреттіліктерді дамыту» компоненті 

Әлеуетті арттыру және құзыреттіліктерді дамыту – жобаның төрт құрамдас бөлігінің бірі. Аталған құрамдастың мақсаты – жергілікті жауапты тұлғалардың, азаматтық қоғамның, сондай-ақ әлеуметтік және жасампаздық кәсіпкерлік секторының жас өкілдерінің арасындағы, мақсаты Алматы қаласының әлеуметтік экономикалық өмірін жасқарту болып табылатын азаматтық әлеуметтік бастамаларды дамытуға бағытталған ынтымақтастықты нығайту. Аталған құрамдастың шеңберінде біз Алматы қаласының төрт тұрғынын жаттықтырушыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытуды жоспарлап отырмыз. Ал олар басқа адамдарды үйретіп, жоба барысында оларға тәлімгерлік әрі ұйымдастырушылық жұмыс бойынша күнделікті қолдау көрсете алады.

Жаттықтырушылардың жұмысы

Тренингті және Ұлыбританияға таныстыру сапарын қамтитын оқу дәрісінен өткеннен кейін жаттықтырушылар 4-5 күндік алты семинар өткізуге (соның ішінде олардың мазмұнын әзірлеп, жоба тобына есеп беруге), сондай-ақ «Сұхбаттық платформа» құрамдасының шеңберінде ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысуға тиіс болады.

Алдын ала іріктеу барысында біз сегіз финалшыны таңдап, оларды тренингке шақыратын боламыз.

Бірінші тренингтен кейін жоба тобы сегіз үміткердің ішінен төртеуін іріктеп алады да, олар Ұлыбританияға таныстыру сапарына қатыса алады. Іріктеу үшін қойылатын талаптар – сапарға қатысу мүмкіндігі, оқу дәрісінен өтуге деген ынта және үміткерлер тренинг аяқталғанға дейін дайындайтын, оқу бойынша есепхаттың сапасы.

Өтінімді қалай беру керек?

Өтінім беру үшін қоса тіркеліп отырған пішінді толтырып, түйіндемемен бірге Анна Гураевскаяға (anna.gurayevskaya@kz.britishcouncil.org) 2017 жылғы 12 маусымға дейін (Алматы уақыты бойынша 23:59) жолдау қажет.