НҰР – СҰЛТАН - 12 қыркүйекте Astana International Campus алаңында «Қала тұрғындарын қаланы дамытуға тарту бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тәжірибе алмасуы» тақырыбында Еуропалық Одақ #БізАлматы жобасының конференциясы өтеді.
Іс-шараға билік және бизнес органдарының өкілдері, сондай-ақ азаматтық белсенділер мен әлеуметтік кәсіпкерлер қатысады. Конференция барысында қатысушылар Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында табысты жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы және қала тұрғындарын Ұлыбритания қалаларын дамытуға тарту принциптері туралы біледі. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласының нақты проблемалық кейстермен жұмыс жасап, өздерінің тәжірибелік ұсыныстарын жасайды.
Іс-шараны Британ Кеңесі, «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Алматы қаласының әкімдіктері мен Нұр-Сұлтан Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен іске асырылатын «БізАлматы» жобасы аясында iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығымен бірлесіп ұйымдастырады.