Date
Сенбі 15 Ақпан 2020 - 10:00 қа Жексенбі 16 Ақпан 2020 - 16:00
2020 жылғы 15 және 16 ақпанда M&K білім беру орталығы 15 елдің, соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Малайзия, Жапония, Италия және көптеген басқа елдердің жетекші колледждері мен университеттерінің қатысуымен өтетін «Шетелде білім алу» көрмесін ұйымдастырады.
 
Көрменің аясында келушілердің арасында computer-delivered IELTS сынағын тегін тапсыруға сертификаттың ұтысы ойнатылады. Бір жеңімпаз Нұр-Сұлтаннан, екіншісі Алматыдан анықталады.
 
Өтінім беру үшін не істеу қажет:
- 15 ақпанда Нұр-Сұлтандағы немесе 16 ақпанда Алматыдағы көрмеге бару;
- #IELTSwithBritishCouncilKZ жазуы бар қызыл жақтаумен фотосуретке түсу;
- Инстаграмдағы @kzbritsh ресми парақшасына жазылу және фотосуретте біздің аккаунтты белгілеу;
- өзіңіздің жеке аккаунтыңызда фото жариялау;
- фотосуреттің астына міндетті түрде #IELTSwithBritishCouncilKZ деген хэштег қою және фотосуреттің жоғарғы жағында қалаға байланысты - Нұр-Сұлтан немесе Алматы деп орналасқан жеріңізді (локацияңызды) міндетті түрде белгілеу;
- конкурс өткізілетін уақытта, қоса алғандағы 2020 жылғы 5 наурызға дейін профиль ашық болуы тиіс.
 
Хэштегі және локациясы жоқ фотосуреттердің қарастырылмайтынына назар аударуыңызды сұраймыз.
 
Сертификаттарды сыйлаушы – M&K білім беру орталығы.
 
Конкурсқа барлық қатысушылардан қосымшадағы ережелерді мұқият оқып шығуын өтінеміз.
 
Көрменің өткізілетін уақыты мен орны:
 
15  ақпан
Нұр-Сұлтан
Rixos President Astana мейманханасы, Қонаев көшесі, 7.
10:00 – 16:00 
 
16 ақпан
Алматы
Rixos Almaty мейманханасы, Сейфуллин даңғылы, 506.
10:00 – 16:00