Date
Бейсенбі 01 Қыркүйек 2016 - 00:00 қа Жексенбі 09 Қазан 2016 - 00:00

EUNIC Алматы Еуропалық тілдер күніне арналған «Шексіз сөздер» конкурсын жариялайды.

Күнделікті тұрмыста сіз қандай халықаралық сөздерді қолданасыз?

Қызықты халықаралық сөзді табыңыз да, планшет ұтып алу үшін сол сөздің тарихын зерттеп біліңіз!

Конкурсқа қатысу үшін төмендегілер қажет:

  • Өзіңіз таңдаған халықаралық сөздің шыққан тегін ашып көрсететін фотосуретті немесе фотосуреттер топтамасын жасап, оған қазақ немесе орыс тілдерінде түсіндірме беріңіз
  • Ешкімге ұқсамайтын тәсіл қолданып, шығармашылық әлеуетіңізді танытыңыз!
  • Жасаған жұмыстарыңызды eunic.almaty@gmail.comэлектрондық мекенжайына жолдаңыз
  • Жеке деректеріңізді (атыңыз, тегіңіз, мекенжайыңыз, ұялы телефон нөміріңіз, электрондық пошта) көрсетіңіз

Жұмыстарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2016 жылғы 09 қазан

Қатысу бойынша толық шарттармен мына жерде танысуға болады

EUNIC Almaty туралы көбірек білу