Тестке тіркелу кезінде IELTS ережелері мен шарттарын оқып, оларды қабылдау маңызды.
Сондай-ақ, өтініш үлгісімен бірге үміткерлерге арналған ақпараттық кітапшада ережелер мен шарттар беріледі.
Ережелер мен шарттар маңызды ақпаратты қамтиды, соның ішінде:
- сіз орындауға тиіс ережелер
- тест тапсыру кезінде ескеретін қауіпсіздік шаралары
- нәтижелерді күту процесі
- тестен бас тарту процесі
- сіз ұсынған ақпаратты біздің пайдалану жолымыз
Өтініш үлгісіндегі мәлімдемеге қол қойсаңыз немесе онлайн режимінде өтініш жасаған кезде ережелер мен шарттарға құсбелгі қойсаңыз, сіз сол арқылы IELTS емтиханын тапсыру шарттарын оқығаныңызды және оларды орындауға келісетініңізді растайсыз.