Емтихан күнін ауыстыру
- Үміткер емтиханды келесі үш ай ішіндегі басқа бір күнге ауыстыра алады, ол үшін таңдалған емтихан күніне бес аптадан астам уақыт қалғанда емтихан орталығына хабарлауға тиіс. Емтихан орталығы сізден 25% мөлшерінде әкімшілік алымын есептеуі мүмкін.
- Емтихан күніне бес аптадан кем уақыт қалғанда емтихан күнін ауыстыру туралы берілген өтінімдер тіркелудің күшін қайтару болып саналады. Мұндай жағдайда емтихан күні ауыстырылмайды.
- Егер үміткер емтиханды ауыстыру туралы өтінімді емтиханға дейін бес жұмыс күнінен кем уақыт қалғанда берсе, тек егер үміткер өзінің емтиханға ауырып қалуына немесе басқа дәлелді себепке байланысты қатыса алмайтынын Әкімшіге жеткілікті дәрежеде растаса ғана емтихан күнін ауыстыруға болады. Тек төмендегі себептер дәлелді себеп болып саналады:
- Ауыру – мысалы, егер үміткер ауруханаға жатқызылса немесе жарақат алса (суық тиіп қалу сияқты жеңіл-желпі сырқаттық дәлелді себеп болып саналмайды). Үміткерлер медициналық анықтаманы беруге міндетті.
- Қайғы-қасірет – жақын туысының қазасы.
- Күрделі жағдаяттар/елеулі жарақат – егер, мысалы, үміткер қылмыстың немесе жол-көлік апатының салдарынан зардап шексе.
- Әскери қызметті өткеру.
- Жоғарыда аталған себептердің кез келгеніне байланысты емтиханға келе алмайтын үміткер емтихан өткізілген күннен кейін бес жұмыс күні өткеннен кешіктірмей, емтихан орталығына емтихан күнін ауыстыру туралы өтініш беруге тиіс. Үміткер Ақшаны қайтару немесе емтихан күнін ауыстыру туралы өтінім пішінін толтырып, тиісті құжаттарды және (немесе) растамаларды қоса тіркеуге тиіс. Растаушы құжат ретінде төмендегі құжаттар қабылданады: білікті дәрігер берген медициналық анықтама, қаза туралы хабарлама немесе куәлік немесе полицияның есепхаты. Туыстары қол қойған ресми өтініштер немесе куәліктер қабылданбайды.
- Егер үміткердің өтініші құпталса, ол келесі үш айдың ішіндегі емтихан күнін көрсетуге тиіс, оны бос орындар болған жағдайда Әкімші құптауы керек.
- Егер үміткер емтихан күнін үш айдан асатын уақытқа ауыстырғысы келсе, ол ақшаны қайтару туралы өтінім беріп, емтиханға қайтадан тіркелуге тиіс.
- Емтихан күнін ауыстыру үшін төмендегі құжаттарды толтырып, тапсырыңыз:
- Ақшаны қайтару немесе емтихан күнін ауыстыру туралы өтінім пішіні
- Растаушы құжаттар
- Жеке басын куәландыратын құжат
- Банктік төлемін растау.
Емтиханға тіркелудің күшін қайтару
- Үміткер емтиханға тіркелуінің күшін қайтара алады, ол үшін таңдалған емтихан күніне бес аптадан астам уақыт қалғанда емтихан орталығына хабарлауға тиіс. Емтихан орталығы үміткердің төлеген ақшасын 25%-дан аспайтын мөлшердегі әкімшілік алымды шегере отырып қайтарады.
- Емтиханға тіркелуінің күшін қайтару туралы өтінімді емтихан күніне бес аптадан кем уақыт қалғанда берген үміткерге төлеген сомасы қайтарылмайды.
- Емтиханға тіркелуінің күшін қайтару туралы өтінімді емтихан күніне бес аптадан кем уақыт қалғанда берген үміткерлердің тек егер үміткер өзінің емтиханға ауырып қалуына немесе басқа дәлелді себепке байланысты қатыса алмайтынын Әкімшіге жеткілікті дәрежеде растаған жағдайда ғана төлеген ақшасын қайтарып алуға құқығы бар. Тек төмендегі себептер дәлелді себеп болып саналады:
- Ауыру – мысалы, егер үміткер ауруханаға жатқызылса немесе жарақат алса (суық тиіп қалу сияқты жеңіл-желпі сырқаттық дәлелді себеп болып саналмайды). Үміткерлер медициналық анықтаманы беруге міндетті.
- Қайғы-қасірет – жақын туысының қазасы.
- Күрделі жағдаяттар/елеулі жарақат – егер, мысалы, үміткер қылмыстың немесе жол-көлік апатының салдарынан зардап шексе.
- Әскери қызметті өткеру.
- Жоғарыда аталған себептердің кез келгеніне байланысты емтиханға келе алмайтын үміткер емтихан өткізілген күннен кейін бес жұмыс күні өткеннен кешіктірмей, төлеген сомасын қайтару туралы емтихан орталығына өтініш беруге тиіс. Үміткер Ақшаны қайтару туралы өтінім пішінін толтырып, тиісті құжаттарды және (немесе) растамаларды қоса тіркеуге тиіс. Растаушы құжат ретінде төмендегі құжаттар қабылданады: білікті дәрігер берген медициналық анықтама, қаза туралы хабарлама немесе куәлік немесе полицияның есепхаты. Туыстары қол қойған ресми өтініштер немесе куәліктер қабылданбайды.
- Егер үміткердің өтініші құпталса, емтихан орталығы үміткердің төлеген ақшасын 25%-дан аспайтын мөлшердегі әкімшілік алымды шегере отырып қайтарады.
- Емтиханға тіркелудің күшін қайтару үшін төмендегі құжаттарды толтырып, тапсырыңыз:
- Ақшаны қайтару немесе емтихан күнін ауыстыру туралы өтінім пішіні.
- Банктік деректемелер пішіні.
- Жеке басын куәландыратын құжат.
- Растаушы құжаттар.
UKVI IELTS нәтижелерін қалай қайталап тексеруге болады
Егер сіз тестіңізді тексеру кезінде қате жіберілді деп есептесеңіз, онда апелляциялық қызметке тест нәтижелерін қайта тексеру туралы өтінім беруіңізге болады. Өтінімдер емтихан өткен күннен кейін алты апта ішінде қабылданады. Сіз тестінің қай бөлімдерін тексеру қажет екенін көрсете аласыз.
Нәтижелерді қайта тексеру үшін 115 фунт стерлинг мөлшерінде төлемақы көзделген, және егер тексеру нәтижесінде қорытынды балл өзгерсе, бұл сома сізге қайтарылады. Нәтижелерді тексеру сегіз аптаға дейінгі уақытқа жалғасуы мүмкін.
Нәтижелерді қайта тексеруге өтінім беру үшін мына құжаттарды ұсыну қажет:
- толтырылған және қол қойылған нәтижелерді қайта тексеру туралы өтінім;
- қызмет ақысының төленгенінің растауы;
- төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;
- ағылшын тілінде қолмен толтырылған ақшаны қайтару туралы өтінімнің түпнұсқасы.
- Қосымша ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз.