Берюс Гримсбиде туып, Сандерлендте есейді. Ата тегі ағылшын және пәкістандық. Берюс актерлік шеберлікті колледжде үйрене бастады, бірнеше әуесқой спектакль қойып, Лондонда East 15 Актерлік мектебіндегі актерлік шеберліктің дайындық курсында оқуын жалғастырды. Содан соң Корольдық драма өнері академиясының 3-жылдық актерлік курсынның бағдарламасы бойынше стипендия иегері атанып, Ұлттық театрдағы шоуда рөл алып, оқуын мезгілінен бұрын тәмамдады. Осылай оның актерлік мансабы басталып кетті. Берюс саяхат жасауды ұнатады және жаңа жерлерге барып,әр түрлі мәдениеттермен және жаңа адамдармен танысуға қуанышты.