Наимның жанұясы Пәкістаннан шыққан, бірақ Наимның өзі шығыс Лондонда туып өскен және өмірінің үлкен бөлігін Лондонда өткізді. Оның Ұлттық театр қарауындағы Young Company ұжымында апта сайын жаңа пьесаларда актерлік шеберлікті үйренудің мүмкіндігі болды. Содан соң Наим Корольдық драма өнері академиясының 3-жылдық актерлік курсын тәмамдады. Наим саяхат жасауды өте ұнатады және «Гамлет» спектаклімен әлемдік турнеге қатысуына өте қуанышты.