Құрылтайшысы - Меруерт Арғымбаева. 

Қарағанды 

Қарағанды ​​облысында және орталық жүйке жүйесінің патологиясы дертіне шалыққан мыңдаған балалар бар. Бұл аурулардың ерекшелігі- олардың диагностикасы едәуір қиынға түседі. Мұндай балаларды үнемі, күнделікті оңалтып, емдеу керек. Қарағанды облысында оңалту орталықтары аз, ал емдеу мен оңалту құны өте жоғары. Ақылы сақталған мұндай балаларға, тұрақты емдеу және оңалту- жай мектептерде оқып, өз- өздеріне қызмет етіп, толық өмір сүруге мүмкіндік береді. Тіпті, қатерлі ауру кезінде, оның ата-анасының өмірің жеңілдетіп, айтарлықтай баланың жағдайын жақсартуға қол жеткізу мүмкін.

2013 жылдың қараша айында, Қарағанды қаласында, ми және орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Радость» ​​қайырымдылық дүкені ашылды. «Радость» - мұндай балаларды емдеуге, сондай-ақ мүгедектер қоғамдарын, балалар үйлері, және облыстық дағдарыс орталықтарына көмек көрсетуге арналған классикалық қайырымдылық дүкені. Қала тұрғындары дүкенге жаңа және пайдаланылған киім заттарды тегін тапсырады. Ол заттардың 90% Қарағанды ​​облысының мүгедектері мен жағдайы нашар отбасыларына тегін таратылады. Жаңа және тамаша күйдегі қалған заттар - нарыққа қарағанда үш есе төмен бағамен сатылады. Осының арқасында табысы төмен халыққа, сондай-ақ, дүкеннен арзан заттарды сатып алуға мүмкіндік беріледі.

2016 жылдың сәуір айынан бастап, дүкен, канис-терапия орталығының Жобасы, «Лапа помощи» қайырымдылық ұйымын ішінара қаржыландыруға қабылдады. «Лапа помощи»- ол арнайы үйретілген иттердің, ми және орталық жүйке жүйесінің аурулары бар балалармен, психолог және терапевтің қадағалауы бойынша, жұмыс істеу орталығы болып табылады. Канис-терапия - пет-терапии бағыттарының бірі («Pet»- жануар ағылшын сөзінен), жануарлар көмегімен адамдардың емдеу. «Радость» дүкенінің жалға алу және коммуналдық шығындарды өтеуді қамтамасыз етуінің арқасында, мұқтаж балалардың иттермен емделуі тегін болып келеді. Орталықта - аутизм, ДЦП-ның түрлі дәрежелері, орталық жүйке жүйесінің бұзылуына шалдыққан 7-ден 20 балаға айына бір рет оңалту өтеді. «Лапа помощи» орталығында 8 терапевт ит, екі канис-терапевт және психолог қызмет етеді. Жақында логопед сабақтары қосылды. Жақын болашақта, емдеулік дене шынықтыру және массаждың косылуы жоспарланып отыр.

«Радость» дүкені үш жыл ішінде науқас балаларды оңалту үшін 1 300 000 теңге аударды. Бұл, дүкеннің тұрақты түрде ұйымдастырып тұратын қайырымдылық акцияларында жиналған ақшаларды есептемегенде. Әлеуметтік кәсіпорынның негізін қалаушы Меруерт Аргимбаева өткізетін консультацияларының арқасында, Осакар ауданындағы 2 балалар үйі, Қарағандыдағы екі мектеп-интернат, сондай-ақ мүгедектер орталықтары мен «Ақ бота» оңалту орталығы демеушілік көмек алып отырады. Қарағанды ​​облысының, мыңдаған жағдайы нашар азаматтары- тегін киім, аяқ киім, тұрмыстық техника және тағы да басқа керек жарақ алып отырады. Бұл көмек апта сайын жүзеге асырылады.

Дүкенде қазіргі сәтте 4 жалданған қызметкер мен шамамен 15 еріктілер жұмыс істейді.

«Радость» ешқашан демеушілердің көмегің немесе гранттар алған емес. Бірінші айдан ақ, қызметкерлер  өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жете алды. Ай сайын олар көмек көлемін, демек, сатуды ұлғайтуда. Бірінші жылы дүкен көптеген қиындықтарға тап болған болатын, бірақ ешқандай сыртқы қаржыландырудың жоқтығы жақсы әсерін тигізгені сөзсіз. Меруерт Аргимбаевaның айтуынша, олар тек өздеріне ғана арқа сүйеуді үйреніп, барлық қажетті кәсіпкерлік дағдыларын бойларына сіңірді. Ал қазіргі уақытта, дүкен өзін-өзі қамтамасыз ететін, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін таза кірісін пайдалануға мүмкіндігі бар, классикалық әлеуметтік кәсіпорын болып табылады. Бүгінгі күні, қызметін кеңейту мақсатында- әлеуметтік кәсіпорын өз жобаларын қолдауға арналған, арнайы гранттарға ұсынылайын деп отыр. Сонымен қатар, кәсіпорын пайдасы, тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан балаларға тегін спорт сабақтарын ұйымдастыруға көзделген, Қарағанды ​​қаласындағы бөлімше ашуды жоспарлауда. Және де, Совет Одағы кезіндегі заттар сатылатын винтажды зал ашылып, сатудан түскен қаржы пайда, дүкеннің шәкірттерін қолдауға жіберілетін болады.