Құрушысы – Геннадий Франк.

Орал қаласы

Көп жылдан бері, балалар үйлерінің түлектері үшін мамандандырылған қолдау бағдарламаларының, кәсіби бағдардың, оқу және кейіннен жұмысқа орналастыру бағытытың жоқтығы өзекті мәселе болып қелуде.

Жақын-туыстары, өмірлік дағдыларды жоқ, балалар үйінің қабырғасынан шыққанан кейін, бұл түлектер әрі қарай жолында ешқандай нақты таңдау таппай, өте қиын жағдайда түседі.

«Шаңырақ» біріккен кәсіпорнының негізін қалаушы Геннадий Франк - балалар үйінің түлегі, Самара кәсіптік мектебі және Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған жоғары білікті заңгер.

2010 жылы, Геннадий жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, балалар үйінің аумағында, бірінші өндіріс орнын құрды. Кейін, 2013 жылы, «Балалар үйлері мен мектеп-интернаттары түлектерінің «Нұр»  Батыс Қазақстан одағы», ал 2014 жылы  «Шаңырақ» біріккен кәсіпорнының өзі құрылды. «Шаңырақ» - балалар үйлерінің түлектерін қолдап, жұмыспен қамту мәселелерін шешу, сондай-ақ оларды кәсіпкерлік қызметке тартуға бағытталған әлеуметтік кәсіпорын.

«Шаңырақ» өзінің миссиясын, балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың түлектерінің өзін-өзі іске асыруға қолайлы жағдай құрудан көреді.

Бүгінгі күні, әлеуметтік кәсіпорын келесі салаларда жұмыс істейді: өндіріс және қызмет көрсету, практикалық оқыту мектебі, жұмыспен қамту агенттігі.

Тәжірибелік оқыту мектебі түлектердің кәсіптік бағдарына бағытталып, кәсіпкерлер мектебі мен жұмыс мамандықтары бойынша практикалық сабақтарды қамтиды. Кәсіпкер мектебі түлектердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін әзірленген. Олар бұл жерде жыл бойы оқытылып, бизнес-жоспарды әзірлеу үшін көмек және бастапқы пакет ретіндегі грант алады. Түлектерді өндіріс- практикалық оқыту - «Шаңырақ» өндіріс кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

«Еңбек нарығы» жеке іріктеу агенттігі оқуын бітіріп, тағылымдама мен тәжірибе  алған балалардың жұмысқа орналасуына септігін тигізеді, оның ішінде балалардың бір бөлігі  «Шаңырақ»  кәсіпорнының өзіне жұмысқа тұрады. Бұл әлеуметтік кәсіпорын, өзінің пайдасын - ұстаханалық, шанақтық, тігін және дәнекерлеу өндірісі, сондай-ақ клинингтік қызметтерді арқылы шығарады.

Мысалы, тігін цехы балаларға арналған жұмсақ ойын модульдерін шығарып, арнайы жұмыс киімдерге, тоқымаға, автокөліктің ішкі әрлеуіне және т.б. тапсырыстар қабылдайды. Іріктеу агенттігі, сондай-ақ коммерциялық қызметтерін ұсынады. Жеке кәсіпкер мектебі мен тәжірибелік-өндіріс мектебі бірлескен кәсіпорынның (БК) есебінен қызмет етеді. Бүгінгі күнде, халыққа коммерциялық қызметтер көрсетуге қатыспайтын және кiрiс жасамайтын БК бағыттары, коммерциялық емес ұйымға функциясы сәйкес келетінін Қоғамдық бірлестігіне (ҚБ) берілді.

Бұл бірлескен кәсіпорынның коммерциялық қызметке көбірек назар аударуына, әлеуметтік кәсіпорын мен әлеуметтік бірлестіктің қызметі және құрылымын ретке келтіруіне жағдай туындады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл модель БК мен ҚБ-ң табысты моделі болып табылады. ҚБ  фандрайзингпен айналысып әлеуметтік тапсырыстарды орындаса, бірлескен кәсіпорын жұртшылыққа қызмет көрсетіп БҚ әкімшілік шығындар мен әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруды қамтиды.  

Егер бұрын БҚ бюджетінің 50 пайызы жеке қаражаттан, ал 50 пайызы гранттардан  тұрса, 2016 жылдың ортасынан бастап «Шаңырақ» толығымен қоғамдық ұйымды тәуелсіз қаржыландыру жүйесіне көшті. Әрине, ҚБ гранттар бойынша конкурстарға қатысуды жалғастырады, бірақ бұл қаражат бұдан былай ҚБ бюджетің құрмай, тек қана қоғамдық бірлестік пен әлеуметтік кәсіпорынның қызметін нығая түсуіне ықпал етеді.

Осы жылдар ішінде, «Шаңырақ» бірлескен кәсіпорны шын мәнінде тиімді және табысты әлеуметтік кәсіпорынға айналды. Балалар үйлерінің 92 түлегі еңбек аттестациясынан өтті, олардың 39-ы іріктеу агенттігі арқылы жұмысқа орналасты, 38 түлек арнайы оқу бітірді, 7 түлек жеке кәсіпкер болды, ал «Шаңырақ» шеңберінде 13 жұмыс орны құрылды. «Шаңырақ»-тың әлеуметтік кәсіпорындың тұрақтылығын нығайта түсетін нақты жоспары бар.

Мысалы, бүгінгі күні, БК- ойыншық тігу бойынша сапа мен стандарттар талаптарына сәйкес сертификатын алды.

Геннадий Франктың ойынша,  бұл саланың мүмкіндіктері шексіз, және де, ең басты мақсат - әлеуметтік осал топтардың мәселелін шешуге негізделген, тиімді және бәсекеге қабілетті кәсіпорын құру. Бұл - табысты және тұрақты болуға ұмтылатын, кез келген бизнестің пайдаланатын, кәсіпкерлік тәсілі болып табылады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік саласына кіре тұра, ол жерде де, кез келген бизнеске тәрізді, проблемалар мен қауіп-қатерлердің болатынын есте сақтаған жөн. Үкіметтен, бәсекелестер немесе тұтынушылардан ешбір ерекше жұмсақтық күтпеуіміз керек. 

Бірақ, ең бастысы - кәсіпкердің шығармашылық қызметінен ішкі қанағат алатыны сөзсіз.