IELTS Affiliate Programme in Kazakhstan
    • ⁠IELTS бойынша British Council-мен серіктес болу арқылы жеке брендіңіз бен оқырмандарыңыздың сенімділігін арттырыңыз.
    • IELTS-ке сәтті тіркелген әрбір қатысушы үшін рефералды сыйақы алыңыз. Неғұрлым көп қатысушы шақырсаңыз, соғұрлым көп табыс табасыз.⁠
    • Кәсіби құралдар мен бақылау тақталары арқылы бизнесіңізді бақылаңыз, өзгертіңіз және дамытыңыз.

Кім серіктес бола алады?

        • Блогерлер, пікір көшбасшылары: Аудиториясы жоғары білім алуға, тіл үйренуге, жаһандық көші-қонға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытатын инфлюенсерлер.
        • Білім беру мекемелері және онлайн платформалар: университеттер, мектептер, тілдік мектептер немесе басқа сәйкес платформалар сияқты білім беру және тілдерді оқыту саласындағы мекемелер.
        • Интернет форумдар, ақпараттық платформалар және веб-сайттар: жоғары білім, тіл үйрену, жаһандық көші-қон және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша кеңес беретін сарапшылық платформалар.

Сіз кемінде 18 жаста болуыңыз керек, тұрғылықты еліңізде жұмыс істеуге заңды құқығыңыз бар және сіз өкілдік ететін ұйымның атынан заңды түрде келісім-шарт жасасуға қабілетті болуыңыз керек. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар).

IELTS серіктестік бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

1. Бізге қосылыңыз

Өтінім беріп, IELTS серіктесі ретінде тіркелгеннен соң, сіз бағдарламаға коммерциялық серіктес ретінде қосыласыз және сізге бастау үшін қажет барлық ресурстар мен сілтемелер беріледі және қолдау көрсетіледі.

2.⁠ IELTS туралы ақпаратпен бөлісуді бастаңыз

Бірегей серіктестік сілтемелеріңіз бен ресурстарыңызды пайдалана отырып, British Council-мен серіктестікте аудиторияңызға және таныстарыңыздың арасында IELTS тесті туралы айта аласыз. Сізге ыңғайлы болу үшін British Council IELTS маркетинг жоспарын ұсынады.

3.⁠ Нәтижелеріңізден хабардар болыңыз

Кәсіби бақылау тақтасында жарнамалық әрекеттеріңізге қызығушылығын және басқа да негізгі көрсеткіштерін қадағалаңыз.

4. Күш-жігеріңіз үшін марапатқа ие болыңыз

IELTS тестіне әрбір тіркелу үшін рефералды сыйақы алыңыз.

Толығырақ білгіңіз келсе, сұрақтарыңызға жауап ала алысыз!

British Council сарапшылары ресми серіктестік бағдарламасы туралы қосымша ақпаратпен бөлісу үшін онлайн вебинар өткізеді. Барлық қатысушылар өздерінің сұрақтарына жауап алып, бағдарламаға қатысуға өтініш беру мүмкіндігіне ие болады. Бұл сізге қызық па?