Атыраудың жаңадан бастаушы әлеуметтік кәсіпкерлеріне қолдау көрсетіңіз – төмендегі берілген жобалардың бірі үшін дауыс беріңіз! Бұл жобалар – 14 маусымда British Council (Британдық Кеңес) ұйымы «Шеврон» компаниясымен және Атырау облысының әкімдігімен серіктесе отырып іске асыратын «I-SEED: Әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының шеңберінде өткен «Стартаптар сайысы» конкурсының көрермендер қалауы жүлдесінің номинанттары.
Онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша дауыстардың ең көп санын жинаған жоба әрі қарай даму үшін «Шеврон» компаниясынан 3 000 АҚШ долларын алады.
Дауыс беру 2019 жылғы 10 маусым, сағат 23.59-ға (Нұр-Сұлтан уақыты) дейін ашық.
Жеңімпаздар British Council Kazakhstan әлеуметтік желілерде және «I-SEED Атырау» жобасының алғашқы жылының жабылу салтанатында жарияланатын болады.
Дауыс берушілердің арасында кітап сатып алуға үш сыйлық сертификаты ұтысқа тігіледі. Сізге не істеу керек:
Осы пішінді толтырып, бір жоба үшін дауыс беру:
- Қай жобаға дауыс бергіңіз келсе, сол жобаны белгілеңіз.
- Сыйлық сертификаттарының ұтыс ойынына қатысу үшін электрондық мекенжайыңызды көрсетіңіз.
Егер сыйлық сертификаттарының ұтыс ойынына қатысқыңыз келсе, пішінді толтыратын кезде электрондық мекенжайыңызды міндетті түрде көрсетіңіз.
Көрермендер қалауы жүлдесінің номинанттары:
- Жулдасова Асем, Сатенова Аружан - "Erekshe" жобасы
- Умралиев Бауыржан - "Alim Design" жобасы
- Гумарова Наргиз, Төлеуғали Асыл - "Sweet Book" жобасы
Әр жоба туралы бейнефайлды қарау: