Құрметті үміткерлер,

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және карантиндік шаралардың қатаюына байланысты IELTS емтиханын тапсыруға ниет білдірген 18 жастан асқан үміткерлер ASHYQ жасыл мәртебесіне ие болуы немесе тест өткізілгенге дейін 7 тәуліктен кешіктірілмей алынған теріс нәтижесі бар ПТР болуы тиіс.

Алматы қаласындағы кеңсеміз IELTS сертификаттарын беру үшін 13-14 қаңтарда сағат 12.00-ден 16.00-ге дейінгі кезеңде шектеулі режимде жұмыс істейтін болады. Нұрсұлтан қаласында Сіз әлі де өз сертификатыңызды Мәңгілік Ел даңғылы 22 мекенжайы бойынша Pony Express кеңсесінен (09:00-18:00) ала аласыз.

Төтенше жағдай режиміне байланысты және техникалық себептер бойынша біз 15 қаңтарға Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында тағайындалған IELTS қағаз тесттерін алып тастауға мәжбүрміз. Алайда, біз 15 қаңтардан бастап Нұрсұлтан және Алматы қалаларында IELTS компьютерлік сессияларын қайта бастайтынымызды қуана хабарлаймыз. Коменданттық сағаттың әрекетіне байланысты біз тек таңертеңгі және күндізгі сессияларды өткізе аламыз, кешкі сессиялар тоқтатылады.

Жақын арада біз тестті басқа күндерге ауыстыруға қатысты сессиялары тоқтатылған барлық үміткерлермен байланысамыз. Тестке тіркелу кезінде көрсетілген электрондық поштаны тексеруді сұраймыз.

Өзіңізді қорғаңыз және түсінгеніңіз үшін рахмет.