British Council-дің жұмысы серіктестікке, тәжірибені кеңейтуге және оң мәнді өзгерістерді ілгерілетуге негізделеді. Ағылшын тілі, білім беру және өнер саласындағы жобаларымыз арқылы біз Ұлыбритания мен бүкіл дүние жүзіндегі миллиондаған адамдардың өмірін өзгертеміз. 

Біз серіктестерімізге өз мақсаттарына жетуге көмектесу үшін өзіміздің жаһандық байланыстарымызды, сарапшылық біліміміз бен атағымызды пайдаланып, Қазақстандағы ұйымдардың кең ауқымымен ынтымақтасамыз. Мәселе біздің бизнес-серіктестерімізге қатысты болған кезде, біз олардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясын назарға аламыз. Біз сондай-ақ дамыту, білім беру мен өнер саласындағы мемлекеттік және қоғамдық секторлардағы өз серіктестеріміздің артықшылықтарын бағалаймыз. 

Егер ынтымақтастық құруды қаласаңыз, бізге хабарласуыңызды өтінеміз.

Осы секцияда