Жұма 16 Қазан 2020

Ағылшын тілін онлайн-режимінде оқыту мен бағалауға деген сұраныстың жедел өсуіне орай British Council ағылшын тілін үйренушілерге арналған жаһандық цифрлық платформа саналатын ‘English Online’ бағдарламасын Қазақстанда іске қосты.

English Online’ студенттердің ағылшын тілі деңгейін жетілдіруге, олардың оқуларын реттеуге, сабақ кестесін таңдауға және интерактивті тікелей сабақтарға қосылуға мүмкіндік беру үшін арнайы жасалған. Сабақтарды British Council мұғалімдері өткізеді, ал сыныптар әлемнің түкпір-түкпірінен келген он шақты студенттен тұрады.

Платформа 55 минуттық онлайн және интерактивті курстар мен студенттердің қажеттіліктеріне сәйкес жасалған жеке оқу жоспарларын ұсынады. Ағылшын тілін үйренушілер қай жерде болмасын ‘English Online-ға’ кіре алады және тілдік дағдыларын аптасына 7 күн не 24 сағат бойы дамыта алады. Әр тақырыптық жинақ аяқталғаннан кейін студентке Британдық Кеңестің курсын аяқтағаны туралы сертификат беріледі. 

British Council ағылшын тілінің сарапшылары әзірлеген және жалпы еуропалық анықтама шеңберінде (CEFR) жасалған ‘English Online’ A2 мен C1 деңгейлеріне дейін біріктірілген оқыту бағдарламасын ұсынады. Оқушылар өздерінің деңгейлерін анықтау үшін ‘English Online’ көмегімен тегін деңгейлік тест тапсыра алады.

Қосымша ақпарат пен платформаның ақысыз сынақ нұсқасы үшін мына мекен-жайға кіріңіз.

 

Notes to Editor

Қосымша сұрақтар бойынша: 

Данияр Дүймағамбетов, тел: +7  701 765 05 10;

e-mail: Daniyar.duimagambetov@britshcouncil.org 

Айжан Рымбаева, тел: +7 702 217 48 90

e-mail: Aizhan.rymbayeva@britishcouncil.org  

 

About the British Council

British Council (Британдық Кеңес) – мәдени қарым-қатынас пен білім алу саласындағы мүмкіндіктер бойынша жұмыс істейтін Біріккен Корольдіктің халықаралық ұйымы. Біріккен Корольдік пен басқа мемлекеттер арасындағы түсіністікті нығайту мен серіктестік түзеу жолында жақсы атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік жасаймыз. Біріккен Корольдік пен басқа мемлекеттердің дамуына оң ықпал етіп, адамдардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгерту үшін мүмкіндіктер ашып, байланыс орнатып, сенімді қарым-қатынасты дамытуға тырысамыз. Біз әлемнің 100-денастамелдеөнерменмәдениет, ағылшын тілі, білім беру мен азаматтық қоғамды дамыту саласы бойынша жұмысі стейміз. Жылсайын 20 миллионнан астам адамды түрлі іс-шараларымызға жұмылдырып, 500 миллионадамды БАҚ пен онлайн каналдарымыз арқылы қамтимыз.