Жұма 04 Желтоқсан 2020

BBC Дүниежүзілік қызметі мен British Council 2020 жылғы Халықаралық Радио драматургия жарысының жеңімпаздарын хабарлады. Бұл жаһандық байқау драматургтерге радио драманың медиасын қолдануға, халықаралық аудиториямен байланысуға бірігей мүмкіндік береді.

2018 жылғы байқаудағыдай бір жеңімпаз «Ана тілі – ағылшын» категориясынан таңдалып, екіншісі «Ағылшын – екінші тілі» категориясынан таңдалды. Екі жеңімпаз да келесі жылы Лондонға BBC Дүниежүзілік қызметінде өз шығармаларының қойылымын көруге барады. Сонымен бірге ресми марапаттау рәсіміне қатысады. 

Қазақстандық Айнұр Кәрім «Ағылшын – екінші тілі» категориясы бойынша үздік деп танылды. Оның шығармасы – Паспорт. Оқиға желісі бойынша, студент паспорт тауып алып, өршіп жатқан әлеуметтік келеңсіздік пен отбасының қарсылығына қарамастан қайтарып беруді жөн көреді. Бұл – саяси шиеленісі бар отбасылық комедия. 

Айнұр Кәрім «Мен бақыттымын, қуаныштымын, өзіммен мақтанамын. «Паспортты» Халықаралық драматургия жарысына арнайы жаздым. Бұл менің елімдегі 2019 жылы маусымда болған оқиғаға негізделген», деді. 

Сценарийлерді қазылартоп бағалады, оның құрамына осы жылғы аудио-драма сыйлығының лауреаты және продюсер, Патрисия Кампер, Королдіктің өнер қауымдастығы мүшесі, белгілі сахна және телевизия актері Нина Сосаня және продюссер, сценарист және актер Найджел Хастингс кірді.

Бұл жылы конкурсқа 104 елден 854 жұмыс келіп түсті. Қазылар жұмыстарды оқып, соңғы айналымға 15 елден келген жұмысты қалдырды. 

British Council-дің театр және би жөніндегі директоры Нил Уэбб: «Биылғы байқауда әлемнің түкпір-түкпірінен қалыптасқан және жаңадан қосылған жазушылардың жаңа және өнертапқыштық сценарийлері бақ сынасты. Оқиғалармен бөлісу – бұл бір-бірімен байланысудың күшті тәсілі, әсіресе мұндай физикалық саяхат шектелген кезде. British Council бұл байқауды бүкіл әлем бойынша жаңа драматургтерді дамыту және жаһандық суретшілерге жаңа мүмкіндіктер табуға көмектесу бағдарламасы шеңберінде қолдайтынын мақтан тұтады». 

Панельдің төрағасы Найджел Хастингс қазылар алқасы туралы: «Осыншама тартымды әңгімелерді оқып, әр түрлі дауыстарды естіп, әртүрлі әлемдерді көру мен үшін үлкен бақыт және мәртебе болды. Байқау шынымен де халықаралық болды және шешім қабылдау өте қиын болды».

BBC Дүниежүзілік ағылшын қызметі қазылар мүшесі және аға комиссиялық редакторы Стив Титерингтон: «Жалпы стандарттар мен бұрын-соңды болмаған деңгейден жоғары болды. Биылғы байқауға әлемнің жаңа дауыстары мен көзқарастарын ұсынатын көптеген елдердің қатысуы керемет болды. Сыйлықтың қатысушыларға шынайы адами сценарийлер жазуға және осындай жоғары сапаға шабыттандырып отырғанына қуаныштымыз. Біз ВВС Дүниежүзілік қызметінің бүкіл әлемдегі драматургтерді қолдаудағы рөліне өте қуаныштымыз».

Notes to Editor

​​​​Данияр Дүймағамбетов, тел: +7  701 765 05 10;
e-mail: Daniyar.duimagambetov@britshcouncil.org
Айжан Рымбаева, тел: +7 702 217 48 90
e-mail: Aizhan.rymbayeva@britishcouncil.org  

About the British Council

British Council (Британ кеңесі) – мәдени қарым-қатынас пен білім алу саласындағы мүмкіндіктер бойынша жұмыс істейтін Біріккен Корольдіктің халықаралық ұйымы. Біріккен Корольдік пен басқа мемлекеттер арасындағы түсіністікті нығайту мен серіктестік түзеу жолында жақсы атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік жасаймыз. Былтыр 80 млн-нан астам және 791 млн адам онлайн байланыс арқылы, шығарылымдар мен эфирлер арқылы қамтылды. 1934 жылы құрылған ұйым Royal Charter мен Біріккен Корольдік қоғамы арқылы Біріккен Корольдік қайырымдылығы арқылы басқарылады. Біз Біріккен Корольдік үкіметінің 15 пайыз қолдау көреміз. www.britishcouncil.org  

BBC Дүниежүзілік қызметі бүкіл әлем бойынша ағылшын және басқа 41 тілде радио, теледидар және сандық форматта жаңалықтар таратады. Б BBC Дүниежүзілік қызметі аптасына 351 миллион аудиторияны қамтиды. BBC Дүниежүзілік қызметі шеңберінде BBC Learning English жаһандық аудиторияға ағылшын тілін үйретеді. Қосымша ақпарат алу үшін bbc.com/worldservice сайтына кіріңіз. BBC Жаңалықтар соның ішінде BBC Дүниежүзілік қызметі, BBC Әлем жаңалықтары телеарнасын және bbc.com/news сайтын қосқанда аптасына 438 миллион адамнан тұратын жаһандық аудиторияны тартады.