15 қарашада Атырауда “Covid-19-дан кейінгі өмір” тақырыбында I-SEED Online-Hackathon өтті. 5 адамнан тұратын жас бағдарламашылар тобы қысқа уақыт ішінде үлкен әлеуметтік-кәсіпкерлік стартаптарға айнала алатын жобалар жасауы керек болатын. Келесі командалар 2020 жылдың финалистері ретінде танылды:
●I орын - қыздарға арналған қазақ-түрік лицейі, Qazaqiia жобасы - өзін-өзі оқшаулаған жағдайында қазақ тілінде ағынды платформа құруға негізделген.
●II орын - С. Өтебаев атындағы Атыраулық мұнай және газ университеті. Doctor ON жобасы - дәрігерлердің онлайн-кеңес беру алаңы ретінде құрылған.
●III орын - Атырау Назарбаев Зияткерлік мектебі, Business+ жобасы - шағын және орта бизнесті пандемия кезінде онлайн-құралдар арқылы қолдауға бағытталған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, хакатон 16 мен 25 жас аралығындағы жастарға кәсіпкерлік дағдыларын дамытып, еңбек нарығындағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. “Командамызбен бүгін жақсы уақыт өткіздік. 4 сағаттың ішінде әлеуметтік мәселеге шешім тауып, оны бизнес-жобаға негіздеп, қазыларға таныстыру керек болды. Менің ойымша, тапсырманы сәтті орындап, жобамыздың пандемия кезінде де сәтті болатынын дәлелдей алдық. Енді грант жеңіп, жобаны жүзеге асыру үшін StartUP Battle-ға дайындаламыз. Хакатон ұйымдастырушыларына алғыс!”, деді жобаға қатысушы сказал участник проекта Алексей Котов, АУНиГ студентi.
Хакатонға қатысуға Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті, Атырау Сервис Колледжі, Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Озат» IT-лицейі, Атырау жоғары медициналық колледжі, Қ. Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті және Кәсіпкерлік және құқық колледжінің студенттері шақырылды. Қазылар алқасының құрамына қаланың кәсіпкерлер мен Атырау облысының білім беру басқармасының өкілдері кірді.
I SEED Хакатон- бұл Атырау жастарын дамыту бағдарламасы аясында үйымдастырылған. Атырау жастарын дамыту бағдарламасы (AYDI) - бұл «Шеврон» корпорациясының Атырау қаласын ашық, инклюзивті және тең құқықты қала ретінде, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан белсенді жастардың қауышатын ортасына айналдыруға бағытталған бастамасы. AYDI British Council, Impact Hub Almaty, Urban Forum Kazakhstan біріккен коалиция мүшелерімен және Атырау облысының әкімдігімен әріптестік негізінде басқарылып, іске асады.