Бейсенбі 29 Қазан 2020

Ұлыбританиядағы білім беруді насихаттайтын Британдық Кеңестің  онлайн шарасына әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Қазақстаннан да, 10 000-нан астам студент қосылады.

Болашақ бакалаврлар, магистрлер мен ғылым докторлары Ұлыбританияның 40-тан астам университетімен қарым-қатынас жасай алады. Олардың қатарына Times журналының 2021 жылдың ең үздік деп жариялаған тізіміндегі Ұлыбританиядағы 20 университеттің 8-і және элиталық «Russell Group» университеттері кіреді.

Платформа Британдық Кеңесінің Study UK компаниясының бөлігі болып табылады, ол Ұлыбританиядағы оқуды насихаттау және студенттерге анық және сенімді ақпарат беру, сондай-ақ, университеттермен жеке-дара өзара әрекеттесу мақсатында университет серіктестерімен жұмыс істейді.

Платформа студенттер үшін ақысыз және 2-30 қараша аралығында жұмыс істейді.

Онда студенттер Ұлыбританияға оқуға түсу туралы, болашақ мансаптық мүмкіндіктер туралы және оқуды жоспарлау туралы біле алатын жанды және жазылған онлайн сұхбаттарды қамтиды.

Білім жәрмеңкесі Қазақстан студенттері үшін ұйымдастырылғандықтан, 2021 жылдың қаңтарынан бастап визалық төлемдер мен оқуға рұқсат алудың жаңа процестері туралы ақпарат береді. Сонымен қатар, студенттер жаңа стипендиялық бағдарламалар және қаржылық қолдаудың басқа тәсілдері туралы ақпарат алады.

Бұл іс-шара студенттерге Ұлыбританияның жетекші университеттерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті студенттер шетелде оқу шешімін қабылдау үшін ең ықпалды дереккөз қатарына қосады.

«Барлығымызға әсер еткен Covid-19 пандемиясының осы күрделі кезеңінде жастардың білімге қол жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудың жаңа жолдарын тауып жатқанымызға қуаныштымын. Study UK биыл бірінші рет виртуалды сипатқа ие болып отыр, оған  Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі студенттерге қатысып, Ұлыбританияда оқу, стипендиялық мүмкіндіктерге қол жеткізу туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, Ұлыбританияда оқитын немесе оқуды аяқтаған Chevening түлектерімен кездесуге және «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы туралы көбірек білуге мүмкіндік ұсынамыз», - дейді Қазақстан бойынша аймақтық директор Эрик Лори.

Notes to Editor

​​​​Данияр Дүймағамбетов, тел: +7  701 765 05 10;
e-mail: Daniyar.duimagambetov@britshcouncil.org
Айжан Рымбаева, тел: +7 702 217 48 90
e-mail: Aizhan.rymbayeva@britishcouncil.org  

About the British Council

StudyUK туралы: Британдық Кеңес Study UK шарасын Ұлыбритания үкіметінің GREATBritain кампаниясымен бірлесіп, Ұлыбритания кез-келген халықаралық студенттер үшін ерекше және тамаша таңдау екенін көрсету мақсатында өткізеді. Ол 2016 жылы басталды және Ұлыбританиялық мекемелерді бүкіл әлем бойынша жоғары деңгейлі оқу орны ретінде танымал ететін жалғыз ұлттық компания.

BritishCouncil (Британдық Кеңес) – мәдени қарым-қатынас пен білім алу саласындағы мүмкіндіктер бойынша жұмыс істейтін Біріккен Корольдіктің халықаралық ұйымы. Біріккен Корольдік пен басқа мемлекеттер арасындағы түсіністікті нығайту мен серіктестік түзеу жолында жақсы атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік жасаймыз. Біріккен Корольдік пен басқа мемлекеттердің дамуына оң ықпал етіп, адамдардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгерту үшін мүмкіндіктер ашып, байланыс орнатып, сенімді қарым-қатынасты дамытуға тырысамыз. Біз әлемнің 100-денастамелдеөнерменмәдениет, ағылшын тілі, білім беру мен азаматтық қоғамды дамыту саласы бойынша жұмысі стейміз. Жылсайын 20 миллионнан астам адамды түрлі іс-шараларымызға жұмылдырып, 500 миллионадамды БАҚ пен онлайн каналдарымыз арқылы қамтимыз.