Shakespeare Lives – Уильям Шекспирдің дүниеден өткен күніне 2016 жылы 400 жыл толуының құрметіне оның шығармашылығына арналған іс-шаралардың бір жылдық халықаралық бағдарламасы. Бағдарламаны British Council және GREAT Britain науқаны бүкіл елдер мен халықтардың драматургі ретінде Шекспирді еске алу құрметіне ұйымдастырған. Shakespeare Lives іс-шаралары – кинокөрсетілімдер, көрмелер, спектакльдер, мектептердегі көрсетілімдер – 140-тан астам елде өтті. Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде халықаралық онлайн-ынтымақтасу бойынша бірегей әрекеттер жасалды.

Shakespeare Lives шеңберінде әзірленген онлайн ресурстар көпшіліктің пайдалануы үшін ашық күйде қалады. Бұл – Шекспирдің қаламынан шыққан шығармалардың негізіндегі инновациялық қысқа метражды фильмдер, пьесаның «ремикстерін» жасауға негіз бола алатын цифрлық платформалар және мектеп оқушыларына, сондай-ақ Ұлыбритания мен бүкіл дүние жүзінде ағылшын тілін үйреніп жүрген барлық жастағы адамдарға арналған білім ресурстары.

shakespearelives.org сайтында Shakespeare Lives бағдарламасы туралы көбірек мағлұмат алып, барлық ресурстарды пайдаланыңыз.

#ShakespeareLives деген хэштэгі бар әлеуметтік желілерде бағдарламаны халықаралық деңгейде талқылауға қатысыңыз.

Сыртқы сілтемелер