Шекспирдің туындыларының қазіргі заманғы адаптацияларынан құралатын біздің топтамадағы үшінші фильм «Юлий Цезарь» пьесасының бірінші актісінің екінші көрінісінің сарынымен түсірілген. Брут пен басқа қаскүнемдер Цезарьді өлтіруді ниет етеді.

Фильмді Педро Мартин-Калеро қойған, Брут рөлін Марк Стенли («Тақтардың ойыны» мен «Диккенсшілік» фильмдерінде ойнаған) және Юлий Цезарь рөлін Тони Особа орындап шыққан. Түсірілім Қазынашылықтың дөңгелек сарайында және Сыртқы істер мен достастық істері жөніндегі министрлікте, соның ішінде Брут билік құрған сән-салтанатты Дурбар-корт сарай іші ауласында өтті.

Shakespeare Lives фильмдер топтамасы

Үстіміздегі жылы British Council ұйымы Шекспирдің дүниеден өткен күніне 400 жыл толуының құрметіне оның шығармашылығына, сондай-ақ оның мәдениетке, білімге және қоғамға жасайтын ықпалына арналған теңдесі жоқ ғаламдық бағдарлама – Shakespeare Lives 2016 шеңберінде ақынның туындылары бойынша бірқатар қысқа метражды фильмдер қатарын ұйымдастырды.

Сыртқы сілтемелер