Өзіңіз қойған «Жаз түніндегі түс» пьесасы
Mix the Play – British Council ұйымы Old Vic Theatre театрымен ынтымақтаса отырып жасаған интербелсенді бейне-платформа.
Сізге режиссерге айналып, Шекспирдің ең таңдаулы шығармаларының бірі «Жаз түніндегі түс» пьесасынан көріністі сахнада қоюды ұсынамыз. Сэмплдер мен әсерлердің көмегімен сіз қойылымның құрамдас бөліктерін, соның ішінде әртістерді, декорацияларды, костюмдерді, ойнау мәнері мен музыканы өзгерте аласыз.
Платформа қарапайым әрі түйсікпен оңай ұғынылады, сондықтан сіз өз еңбегіңізді әлеуметтік желілерде бөлісе аласыз. Режиссерлік тәжірибеңіздің болуы қажет емес!
Қойылымды дәл сайтында жасаңыз да, Шекспир шығармашылығымен мүлде жаңа қырынан танысыңыз!