Star Cross’d – ақын, жазушы әрі безендіруші Лора Докриллдің пайымдамасындағы «Ромео мен Джульеттаның» қазіргі заманғы нұсқасы.
Пьесаның оқиғалары желдің өтіндегі ағылшын жағажайында өтеді, онда «қылмыс жасау жағынан бір бірінен кем түспейтін екі әулет» балмұздақ сату үшін соғысумен болады.
Ықпал ету өрісі үшін күресте нағыз махаббат жеңіп шыға ма?
Shakespeare Lives фильмдер топтамасы
Үстіміздегі жылы British Council ұйымы Шекспирдің дүниеден өткен күніне 400 жыл толуының құрметіне оның шығармашылығына, сондай-ақ оның мәдениетке, білімге және қоғамға жасайтын ықпалына арналған теңдесі жоқ ғаламдық бағдарлама – Shakespeare Lives 2016 шеңберінде ақынның туындылары бойынша бірқатар қысқа метражды фильмдер қатарын ұйымдастырды.