«SEE INTO THE FUTURE: ХХI ҒАСЫРДАҒЫ ДАҒДЫЛАР, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2014 ЖЫЛҒЫ 18 – 19 ҚАРАША, ҚАЗАҚСТАН, АСТАНА
300-ге жуық мемлекеттік сектордың, бизнестің өкілдері, жоғары оқу орындарының, колледждердің басшылары SEE Into the Future Astana конференциясына жиналды.
Конференция аясында мынадай мәселелер қаралады:
- Білім беру мекемелері мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылын қалайша жақсартуға болады?
- Жастардың мамандықты дұрыс таңдауына қалай көмектесуге болады? Кәсіпорындар жастардың қажетті дағдыларды меңгергеніне қалайша сенімді бола алады?
- Жастардың болашақта жұмысқа орналасуға дайындығы жақсырақ болуы үшін оқытып, үйретуге қандай өзгерістер енгізу керек?
SEE Into the Future Astana Қазақстанның білім беру саласының лидері – Назарбаев Университетпен – және «Кәсіпқор» холдингімен (әлемдік деңгейдегі колледждер желісін құру және дамыту жөніндегі агенттікпен) бірлесіп өткіізлді.
Конференция:
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің және Солтүстік Ирландияның арасындағы 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын қолдау бойынша өзара түсіністік туралы әзірленіп жатқан меморандумын және
- Британия мен Түркия үкіметінің арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты күшейту және дағдыларды дамыту үшін білім беру саласындағы әріптестік туралы келісімді қоса алғанда өңір үкіметтері мен Ұлыбританияның ынтымақтастық туралы келісімінің бір бөлігі болып табылады.
SEE into the Future Astana конференция фотоальбомы.