Қазір өзіңізге ұнайтын бірақ кейінге қалдырып жүрген жаңа бастамалар үшін ең қолайлы уақыт. Егер күнде он минут немесе бір сағат уақытыңыз болса, біздің оқу материалдарымыз ағылшын тілі деңгейіңізді жақсартуға көмектеседі.

АҒЫЛШЫН ДЕҢГЕЙІҢІЗДІ АНЫҚТАҢЫЗ 

Ағылшын деңгейіңізді анықтау үшін біздің тегін ағылшын грамматикасы мен сөздік қорының тестін тапсырып көріңіз. Нәтижеге негізделе отырып, ағылшын тілін жетілдіру мақсатында платформа жаттығу материалдарын ұсынады.

ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫҢЫЗДЫ ДАМЫТЫҢЫЗ

Өз деңгейіңізді білсеңіз, сіз тыңдау, оқу және жазу дағдыларымен жұмыс жасауға дайын боласыз. Деңгейіңізді анықтаған соң, әр түрлі мәтіндер мен аудио жазбаларды, интерактивті жаттығулар мен жұмыс парақтарын таңдауға мүмкіндік аласыз.

ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Бүгінгі жағдайға байланысты әлем бойынша көптеген оқушылар мектепке бара алмайды. LearnEnglish Teens веб-сайтының көмегімен сіз ағылшын тілін үйренуді үйде отырып жалғастыра аласыз. LearnEnglish Teens видео, аудио және оқу құралдарын ұсынады. Олар сізге ағылшын тілін меңгеру деңгейін жақсартуға және оқуыңызды жалғастыруға көмектеседі. Алдымен LearnEnglish Teens сайтын пайдаланып, ағылшын тіліне күніне 20-30 минут бөлуге кеңес береміз.
 

БІЗДІҢ ТЕГІН КУРСТАРЫМЫЗДЫҢ БІРІНЕ ҚОСЫЛЫҢЫЗ

Басқа адамдармен бірге ағылшыныңызды қолданып, оны дамытуға мүмкіндік іздеп жүрсеңіз, біздің онлайн курстарымыздың біріне (немесе MOOC-тарға) неге жазылмасқа? Қалай жұмыс жасайтынын білмейсіз бе? Сіз үшін қысқаша түсініктеме дайындадық. 
Дәл қазір біздің Exploring English: Language and Culture курсымызға қосылып, Ұлыбританиядан шыққан әндер мен шығармалар туралы көбірек біле аласыз.
Адамдардың өмірін жақсартуға көмектесетін өз идеяларыңызды қалай жылжытуға болатыны туралы білгіңіз келсе 25 мамырда басталатын "Ideas for a better world" онлайн курсына қосылыңыз.
 

ІСКЕРЛІК АҒЫЛШЫНЫҢЫЗДЫ ЖАҚСАРТЫҢЫЗ

Халықаралық компанияларда жұмыс жасаушылардың саны артып келеді, бұл олардың ағылшын тілін жетілдіріп, алға жылжуының тамаша мүмкіндігі. Сұхбаттасу дағдыларын дамыту,  электронды хаттарды жүйелі жазуды үйрену және іскерлік тақырыптар мен мәселелер туралы біліміңізді кеңейткіңіз келсе, біздегі Business English бөліміне кіріңіз.

Байланыста болыңыз! 

Бізбен әрдайым байланыста болып, әрдайым жаңалықтарымыздан хабардар болып, әр түрлі адамдармен араласқыңыз келсе FacebookTwitter және Instagram желісіндегі  парақшаларымызға міндетті түрде  жазылыңыз. 

Біз дамуды және түрлі мәдениетпен танысқанды ұнататындар үшін ұйымшыл және жаһандық қоғамдастық құрғымыз келеді!