Біз сіздерге кәсіби біліктілігіңізді арттыруға бағытталған тегін онлайн материалдар мен онлайн сабақтар алуды ұсынамыз.
DR HARRY KUCHAH-МЕН БІРГЕ МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕССИЯНЫҢ ЖАЗБАСЫ
Сессия кезінде Dr Kuchah IATEFL жұмыстарымен таныстырды және сол ұйымдағы мүшелік туралы ақпарат берді. Ол, сондай-ақ, IATEFL-мен серіктестік жолдары және кәсіби дамуға арналған қолжетімді онлайн ресурстар жөнінде айтып кетті.
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН САБАҚТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
Бастауыш мектеп сабақтары үшін арнайы әзірленген 100-ден астам сабақтар мен іс-шаралар жоспары бар. Біздің барлық сабақтар жоспары мен іс-шаралар деңгейлер бойынша бөлінген және сіз жыл мезгілінен бастап грамматиканы жақсарту үшін карточкаларды пайдалану туралы идеяларға дейінгі тақырыптардың кең ауқымын таба аласыз.
ОРТА СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН САБАҚТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
Орта сыныптар үшін арнайы әзірленген 200-ден астам сабақтар мен іс-шаралар жоспары бар. Бізде сондай-ақ, сізге белгілі британдық жазушылар, соның ішінде Шекспир, Джейн Остин, Чарльз Диккенс және Дилан Томас туралы айтып беруге көмектесетін ресурстар ұсынамыз.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН ОНЛАЙН КӘСІБИ ДАМУ
Оқытушылық тәжірбиеңізді қарап шығыңыз және біздің тегін кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламасындағы өзіңізге қажет бағытты анықтаңыз. Аталмыш бағдарлама үш курстан тұрады және оқытушылар өздерінің кәсіби дамуын жоспарлауда ескеруі қажет 12 түрлі бағытты қамтиды. Кез келген немесе барлық курстарға қатысып, бүкіл әлемнің мұғалімдерімен тәжірибе алмасуды бастаңыз.
ОНЛАЙН САБАҚ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ВЕБИНАРЛАР
Көптеген мұғалімдер онлайн сабақ беруде тәжірибесі аз немесе мүлде болмаған кезде, әдетте қолайсыз жағдайға тап болады. Сондықтан біз негізгі бағыттар бойынша вебинарлар топтамасын ұйымдастырдық. Барлық вебинарлар жазылады. Вебинардың біреуін өткізіп алсаңыз, уайымдамаңыз, өзіңізге ыңғайлы уақытта оны сайтымыздан көре аласыз.
БАСҚА МҰҒАЛІМДЕРМЕН ОНЛАЙН БАЙНАЛЫС ОРНАТУ
Басқа мемлекеттердегі мұғалімдердің не істеп жатқанын білгіңіз келсе, Facebook арқылы біздің жаһандық мұғалімдер тобына қосылыңыз. Сіз онда өз тәжірбиеңізбен бөлісе отырып, бірдей қиындыққа тап болған әріптестеріңізден тың идеялар ала аласыз.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ
Follow our Teaching English Facebook page and be the first to find out about the newest online activities that we are working on.
Байланыста болыңыз!
Бізбен әрдайым байланыста болып, әрдайым жаңалықтарымыздан хабардар болып, әр түрлі адамдармен араласқыңыз келсе Facebook, Twitter және Instagram желісіндегі парақшаларымызға міндетті түрде жазылыңыз.
Біз дамуды және түрлі мәдениетпен танысқанды ұнататындар үшін ұйымшыл және жаһандық қоғамдастық құрғымыз келеді!