Бұл модульдің тақырыбы – жуырда жасап шығарылған синтетикалық жапырақтар және оларды пайдалану мүмкіндіктері. Бұл модульде ғарышты игеру кезінде тіршілікті қамтамасыз етудің дербес жүйесін жасау үшін синтетикалық жапырақтарды қолдану тәсілі зерделенеді. Оқушылар ұжымда жұмыс істей отырып, ғылыми грант алуға арналған ұсынысты дайындап жатқан зерттеушілердің рөлін орындайды.
Олардың мақсаты – синтетикалық жапырақтардың негізіндегі дербес жүйенің жобасын әзірлеу. Тиісті білімін пайдалана отырып, оқушылар фотосинтез бен тыныс алу процестерін және олардың арасындағы өзара байланысты түсіндіруге тиіс. Ұжымдар өз зерттеулерін және қолдарында бар деректерді пайдалана отырып, өздерінің ұсыныстарына негіздеме беруге тиіс. Әр ұжым дайындаған ұсыныс баяндамада мазмұндалуы және қысқаша ғана ауызша презентация түрінде ұсынылуы керек.