Бұл модульде оқушылар Apprentice Asia атты теледидар бағдарламасына қатысушылардың рөлін ойнайды, олардан мақсатқа жетудегі машықтары мен батылдығын паш ету талап етіледі. Осы жағдайдағы мақсат – материалдар және олардың сипаттары туралы ақпарат жинау. Бұл осы материалдарды шығаратын өнеркәсіптің жұмыс тиімділігін арттыру үшін керек.

Модуль заттек пен қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың кинетикалық теориясын қайталаудан басталады. Атомның заттектің ең кіші бөлшегі болып табылатыны және өз бетімен тіршілік ете алатыны анықталады. Бұл периодты кестенің барлық элементтеріне қатысты. «Атомның» және басқа терминдердің айқындамалары оқу және сұрақтарға жауап беру жолымен бекітіледі. Жалпы таралған заттектерді құрайтын элементтердің шамалы санын мысалға ала отырып, элемент ұғымы ашылып көрсетіледі. Субатомдық бөлшектер қарастырылады, бірақ олар тек түрлі атомдарды қалыптастырудағы протондардың рөлін және атомаралық өзара әрекеттестіктегі электрондардың рөлін түсіну үшін қажетті шектерде ғана зерделенеді. Атомдардан күрделі заттектердің пайда болуына негіз болатын реакциялар және атомдардың осы заттектердегі орны қарастырылады. Атомдардың сыйысымдылығы туралы ұғым беріледі.