«Егер сіз білім алу бойынша ерекше мұқтаждықтар (БЕМ) туралы, сондай мұқтаждықтары бар оқушыларға көмектесе алатын стратегиялар мен шешімдер туралы білгіңіз келсе, инклюзивті білім беруді дамытуға ықпалдасу ниетіңіз болса және оқушылардың барлығына қолайлы оқыту әдістемесін қамтамасыз етуді қаласаңыз, бұл курс сізге арналады».
Аталған курсты сіздің өз бетіңізбен оқып-үйренуіңіз көзделеді, содан кейін сіздің нәтижелеріңізге баға беру мүмкіндігі бар. Курс ағылшын тілін бөлек пән ретінде үйрететін ағылшын тілінің оқытушыларына және жалпы білім беру мекемелерінде басқа пәндерді ағылшын тілінде оқытатын басқа пәндердің оқытушыларына арналған. Курс тек БЕМ жөніндегі мамандарға ғана емес, сондай-ақ бастауыш және орта мектеп мұғалімдеріне де пайдалы болмақ.
Басталатын күні: | тіркеу ашылды |
Ұзақтығы: | 33-41 hours for full course; 3 hours per individual unit for self study |
Price: | Contact us |
Әр бөлімді басқа бөлімдерден бөлек өтуге болады. Курс мына тақырыптарды қамтиды:
- кіріспе;
- дислексия;
- жоғары белсенділікпен ұштасқан зейін жеткіліксіздігі синдромы;
- көру, есту қабілетінің бұзылуы, дене дамуының кемістіктері;
- әлеуметтік, эмоциялық және мінез-құлық проблемалары;
- аутистік сипаттағы олқылықтар;
- ерекше қабілетті және дарынды балалар;
- көп мәдениетті ортаға байланысты оқуда туындайтын қиындықтар;
- диспраксия;
- сөйлеу қабілетінің бұзылуы және тілге қатысты қиындықтар;
- инклюзивтік бағалау.
Толығырақ ақпарат алу үшін курстың төменде келтірілген мазмұнын жүктеп алыңыз.