Қазақстандағы Британдық Кеңес келісімшарт негізінде Атырау қаласындағы “I-SEED: Инновация - Әлеуметтік Кәсіпкерлік және Білім” жобасы аясында тәлімгелік қызмет көрсету үшін тәжірибелі фасилитаторды іздеуде.
Болашақ фасилитатор міндеттері:
• Британдық Кеңестің адамдар құқығын қорғау және теңдік, алуан түрлілік пен инклюзивтілік саясатына сәйкес тренингтер өткізу;
• Толық оқыту циклін әзірлеу және енгізу (қажеттіліктерді бағалау, жоспарлау, әзірлеу, үйлестіру, бақылау және қарастыру);
• Оқытудың негізгі нәтижелері және / немесе қиындықтар туралы толық есепті дайындау және Британдық Кеңес қызметкерлеріне ұсыну;
• Тренингке қатысушыларға тиісті кері байланыс беру;
• Атырау қаласында жұмыс жасау мүмкіндігі;
• Тренингті екі тілде жүргізу қабілеті (қазақ және орыс тілдерінде);
• Мүмкіндіктерді дамытуға байланысты тренердің қажеттіліктерін анықтау;
• Тренерлердің шеберлігін дамыту мақсатында түрлі құралдарын құру;
• Оқу қажеттіліктерін бағалау үшін тренерлерден сұхбат алу.
Тендерге қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі 2021 жылдың 25 наурызы.
Ұсыныс info@kz.britishcouncil.org электронды мекен-жайына жіберілуі керек (тақырып жолында “I-SEEDжобасы фасилитаторы” көрсетуді сұраймыз).
Қосымша сұрақтар бойынша info@kz.britishcouncil.org мекен-жайына хабарласыңыз немесе +7 (727) 244-41-44 нөміріне хабарласыңыз.