Қазақстандағы Британдық Кеңес Атырау қаласындағы кәсіпкерлерді келісімшарт негізінде оқыту үшін “I-SEED: Инновация - Әлеуметтік Кәсіпкерлік және Білім Беру” жобасы аясында тренерлік қызмет көрсететін тәжірибелі тренерді іздеуде.
Тәлімгерлерге арналған тренинг екі оқу күні арасында өткізіліп, келесі тақырыптарды қамтуы керек:
- I-SEED жобасы бағдарламасына шолу жасау
- Тәлімгердің қарым-қатынас және эмоциональді интеллект дағдыларын дамыту
- Менторлік шеберлікке үйрету және кеңес беру
Тренер міндеттері:
- Британдық Кеңестің адамдар құқығын қорғау және теңдік, алуан түрлілік пен инклюзивтілік саясатына сәйкес тренингтер өткізу;
- Тәлімгерлерді оқыту үшін интерактивті және информативті бағдарлама мазмұнын құру;
- Жоба тәлімгері ретінде жұмыс жасау тәжірибесінің болуы;
- Тренингке қатысушыларға тиісті кері байланыс беру;
- Атырау қаласында жұмыс жасау мүмкіндігі;
- Тренингті екі тілде жүргізу қабілеті (қазақ және орыс тілдерінде);
- Тәлімгердің өздерін дамытуға байланысты қажеттіліктерін анықтау;
Тендерге қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі 2021 жылдың 25 наурызы.
Ұсыныс info@kz.britishcouncil.org электронды почтасына жіберілуі қажет (тақырыб жолында "Trainer for ToM" жазып көрсетіңіз).
Қосымша сұрақтар бойынша info@kz.britishcouncil.org мекен-жайына хабарласыңыз немесе +7 (727) 244-41-44 нөміріне хабарласыңыз.