Ұлыбританияда көптеген ғалымдар, саясаткерлер, мәдениет өкілдері, жалпы өз ісінің шеберлері білім алды. Study UK Alumni Awards – бұл, қазақстандықтарды қоса алғанда, барлық әлемдегі британдық оқу орындарының түлектерінің жетістіктерін де атап өту. Марапат Ұлыбритания университеттерінде оқыған жас мамандардың қалыптасуы мен қызмет ететін саласына қосқан үлесі туралы ақпаратты көпшілікке жеткізеді.
Биыл Қазақстанда British Council келесі салалар бойынша марапат табыстайды:
- Professional Achievement Award – кәсібіндегі жетістік ауқымы мен үлесін көрсете алатын мамандарға беріледі.
- Social Impact – әлеуметке өзгеріс енгізе алған, қоғамның өмірін жақсартуға үлес қосқан белсенділерге табысталады.
Толық ақпарат осы сілтеме арқылы таба аласыз.
Study UK Alumni Awards Қазақстанның қазылар алқасы:
1.Эрик Лоури, British Council-дің Қазақстандағы директоры;
2.Әсемгүл Қалиева, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің жобалар бойынша маманы;
3.Марат Раимханов, коммуникация бойынша тәуелсіз консультант және Study Alumni Awards 2018 жеңімпазы.
Study UK Alumni Awards Қазақстан үміткерлері:
Professional Achievement Award |
Social Impact Award |
1. Асқар Билисбеков, University of Westminster |
1. Әйгерім Оразғалиева, University College London |
2. Зульфия Урумбасарова, University of London |
2. Ақмарал Сман, Queen Mary University of London
|
3. Салтанат Жаненова, University of Edinburgh |
3. Ғалым Байтімбетов, University College of London |
Study UK Alumni Awards-тың Қазақстандағы салтанатты шарасы тікелей эфирде 12 наурыз сағат 15:00-де біздің сайтымыз бен YouTube арнамызда көрсетіледі.