Қазақстандағы Ұлыбритания түлектерінің жетістіктерін атап өту

Көрнекті адамдар Ұлыбританияда әлемдік деңгейдегі білім алса, оның әсері өмір бойы жалғасуы мүмкін. Alumni Awards марапатының басты мақсаты Ұлыбританияның жоғары оқу орындарының түлектерінің таңдаған саласына тигізген әсері және олардың Ұлыбританиядағы оқулары қалай әсер еткені туралы айтып беру болып табылады.
 
British Council Ұлыбританияның бүкіл әлем бойынша халықаралық түлектерінің тамаша жетістіктерін атап өтетін беделді марапаттың жетінші жылын бастады.
 
Биыл Қазақстанда марапаттардың екі санаты бар:
  • Professional Achievement марапаты – үлкен көшбасшылық және кәсіби индустриядағы жетістіктерімен ерекшеленген және өз кәсібіндегі жетістіктерінің әсері мен ауқымын көрсете алатын Ұлыбритания түлектерін марапаттайтын.
  • Social Impact марапаты – ерекше әлеуметтік үлес қосқан және басқалардың өмірін жақсартуға ынталаған Ұлыбритания түлектері.

Марапаттың өту кезеңі

Желтоқсан 2020 – қаңтар 2021 Финалға қатысушыларды жариялау
Наурыз 2021 Қазақстан финалистерін жариялау
Наурыз – тамыз 2021 Халықаралық финалистерді жариялау / виртуалдық мереке
Қыркүйек 2021 Global Alumni Awards 2020–21 жеңімпаздарын жариялау

Осы жылғы Study UK Alumni Awards марапатының Қазақстандағы женімпаздар және төрешілерімен танысыңыз:

Professional Achievement Award

Салтанат Жаненова – Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің ассистенті

University of Edinburgh

Study UK Alumni Awards байқауының Professional Achievement категориясы бойынша жеңімпаз атанған Салтанат Жәненовамен таныс болыңыздар.

Салтанат — Эдинбург университетінің түлегі. Білім саласындағы жұмысын әрмен қарай жалғастырған ол қазіргі таңда Назарбаев Университетінің

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі кафедрасының ассистент-профессоры. Мемлекеттік басқару магистрлеріне, мемлекеттік саясат магистрлеріне және мемлекеттік саясат саласындағы философия докторларына арналған негізгі модульдер жасайды және оқытады.

Social Impact Award

Акмарал Сман – FAO, Біріккен Ұлттар Ұйымы, CACILM II жобасының аймақтық гендерлік және өмірлік сарапшысы

Queen Mary University of London

Лондондағы Мария патшайым университетінің түлегі Ақмарал Сманды Study UK Alumni Awards байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз! Елеулі

жетістіктерінің арқасында ол Social Impact Award категориясында үздік деп танылды. БҰҰ-дағы ФАО-да және Жер ресурстарын басқару саласындағы

Орталық Азия елдерінің бастамасы жобасында гендерлік және тіршілік етуге қажет қаражат мәселелері бойынша аймақтық эксперт. Ол табиғи

ресурстарды басқарудың аймақтық стратегияларына гендерлік мәселелер мен әлеуметтік интеграцияны қосуды үйлестіреді.

Entrepreneurial Award

Галым Байтимбетов – AquaPoint» ЖШС құрылтайшысы, бас директоры

University College London

Кандидатымыз Ғалым Бәйтімбетов — Лондон колледж университетінің түлегі. Ол әу басында Social Impact Award сыйлығына үміткерлер қатарында болған. Бірақ соңында қазылар алқасы оның кәсіпкерлік саладағы қосқан үлесін ескеріп, Entrepreneurial Award категориясы бойынша сыйлық тағайындады. Ғалым — AquaPoint LLP компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры. Ол компанияның стратегиясын жасап, инвесторлармен және банктермен қаржы жинау бойынша бірлесіп жұмыс істейді. Сондай-ақ, 15 адамнан тұратын команданы басқарады.

Осы жылғы төрешілері

Эрик Лори – Қазақстандағы British Council директоры

Эрик Лоридің British Council-де тоғыздан астам елдегі көпжылдық тәжірибесі бар. Лори мырза Қазақстанға келгенге дейін Ауғанстандағы British Council директоры қызметін атқарды. Қазақстандағы директор ретіндегі жаңа қызметінде ол Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы білім беру және мәдени ынтымақтастықты дамытатын бірқатар бағдарламаларды басқаруға күшін салады. Эрик Лори халықаралық ынтымақтастық үшін білім беру және мәдени қатынастар саясат, экономика, сауда және даму сияқты салалары мен қатар маңызды екеніне сенеді. Біздің білім беру жүйелері мен бірлескен диалог пен алмасу үшін құратын кеңістіктеріміздің ынтымақтастығы арқылы, біз өзара түсіністік пен ұқсастықтарымыз бен айырмашылықтарымызды түсіне аламыз.

Дәл осы кеңістікте ағылшын тілі тіл иелеріне де, шетелдіктерге де пайда әкелетін шын мәніндегі жаһандық тіл ретінде ерекше рөлін атқарады. Лори мырза ағылшын тіліне қол жетімділік жастарға білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді және Қазақстан сияқты елге жаңа ұмтылыстар туғызады деп санайды, себебі Қазақ елі халықаралық деңгейде барған сайын маңызды рөлін атқарып келеді. Лори мырза Ұлыбритания үкіметінің бірқатар бірлескен білім беру бағдарламаларын басқарды, соның ішінде ол орта және жоғары білім беру секторларында сапа кепілдігін қамтамасыз ету, және түлектерді еңбек нарығының қажеттіліктеріне даярлау бойынша жұмыс жасайтын жобаларды жүргізген.

Марат Райымханов – байланыс бойынша тәуелсіз кеңесші, Alumni Awards 2018 жеңімпазы

Марат Райымхановтың қоғаммен байланыс және корпоративті коммуникация саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол жеке PR агенттіктерінде, мемлекеттік және ұлттық компанияларда, халықаралық ұйымдарда, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінде, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан ҰТРК» АҚ, Eurasian Resources Group (ERG) корпорациясында, БҰҰ Даму Бағдарламасында (БҰҰДБ) жұмыс істеген. Лондон экономика мектебінің (Ұлыбритания, «Болашақ» бағдарламасы бойынша) мемлекеттік басқару магистрі және КИМЭП университетінің (Қазақстан) халықаралық журналистика магистрі дәрежесіне ие. Ол Мэриленд Университетінде (АҚШ) медиа және байланыс мамандығы бойынша 2015–16 Фулбрайт / Губерт Хамфри стипенлиясымен білім алған. Қазіргі уақытта Марат байланыс бойынша тәуелсіз кеңесші.

Қазақстан Study UK Alumni Awards марапатының жеңімпаздары 2021 жылдың наурыз айында белгілі болады.

Сыртқы сілтемелер