Jaspace STEM Lab - жастар ғылым, технология, инженерия, медиа және өнер тоғысында STEM - білім алатын алаң, жастар орталығы.
Jaspace STEM Lab-та жастар білім беру ресурстары мен жабдықтарына қол жеткізе алады, ал кәсіби жаттықтырушылар оқушыларға көмектеседі және бағыттайды.
Жастар бос уақыттарын шығармашылық іс-шараларға қатысу, құрдастарымен қарым-қатынас жасау және өз бастамаларын жүзеге асыру арқылы өткізе алады. Кеңістікке шеберхана, жаттығу залы, дыбыс жазу және монтаждау студиясы, кофе-бар және демалыс аймағы кіреді.
Білім беру бағдарламасы жастардың қажеттіліктерін ескере отырып құрылған және бейресми оқыту қағидаттарына негізделген. Jaspace іс-шаралары интерактивті жарыстар, хакатондар, семинарларға қатысу және жеке жобалар жасау арқылы практикалық тәжірибе алуға бағытталған.
Jaspace STEM Lab аясында келесі іс-шаралар жүргізілуде:
STEM курстары
- Jaspace Olympiad (робототехника, бағдарламалау, 3D модельдеу, бейне мазмұнын шығару, медиа бойынша жарыстар);
- радиобасқарылатын машиналарда өтетін Makathon жарысы;
- Отбасылық шеберханалар-робототехника, қолөнер, ағаш жұмыстары және т. б. бойынша бүкіл отбасы үшін практикалық мастер-класстар сериясы;
- Жастарға арналған ғылыми көрмелер мен жарыстар;
- Demo Day - бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу курсы ( оқыту + прототиптерді әзірлеу);
- Қазақстандық "Kazrobotics" спорттық және білім беру робототехникасы қауымдастығымен робототехникадан көрме мен жарыстар және басқа да бірлескен іс-шаралар.