IELTS тестін тапсыра отырып сіз ағылшын тілін қаншалықты меңгергеніңізді ресми түрде растай аласыз, сондай-ақ ол сізге жұмыс, оқу және басқа әлеуметтік салаларда жетістікке жетуге мүмкіндік береді.
Тесттің барлық бөлімдерін, яғни сөйлеу, оқылым, тыңдалым және жазылым сәтті өтіп, солардың ішіндегі түрлі тапсырмаларды бұлжытпай орындау үшін көп уақыт дайындалу қажет.
Біздің IELTS сарапшымыз Алина Промска бүгін өзінің IELTS тапсыру кезінде не істеуге болатынын және не істеуге болмайтынын айтып береді. Мақаламызды аяғына дейін оқып, тестке кірерде нені ойда сақтау керек екенін біліп алыңыз.
Listening
Бұл сіздің тестіңіздің бірінші бөлімі, сондықтан жақсы бастау керек! Мұнда он сұрақтан тұратын төрт топтамаға жауап беру үшін сізге 30 минут беріледі.
- Компьютерлік тестті бастар алдында берілген компьютер құлаққаптары дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Жөнді істемей тұрса көмекке шақырыңыз. Экрандағы қаріп өлшемі мен түсін өз ыңғайыңызға сай өзгерте аласыз.
- Қағазды тест кезінде аудионы дұрыс естімесеңіз көмек сұраудан қорықпаңыз. Аудионы еш кедергісіз есту тапсырманы дұрыс орындау үшін өте маңызды.
- Нұсқаулықты мұқият оқып, негізгі ақпаратты белгілеп қойыңыз. Сұрақтағы негізгі сөздерді де белгілеп қойғаныңыз дұрыс.
- Шатасып қалмаңыз. Жазбадағы спикерлер әдейі сұрақтардағы сөздер мен тіркестерді қолданбауы мүмкін.
- Тыңдап отырып ескертпе жазып отырыңыз; кейін оларды үлгермей қалған сұрақтарыңызға жауап беруге қолдана аласыз. Компьютерлік тестте сіз ескертпелерді экранда жасай аласыз.
- Әр сөзді түсінуге ұмтылмаңыз; сұрақтарға жауап іздеуге көбірек көңіл бөліңіз.
- Сұраққа жауапты естісеңіз де, тыңдауды жалғастырыңыз, себебі жазудағы спикерлер мәтіннің аяғына қарай жауаптарын өзгертуі мүмкін.
- Аудио тек бір рет ойналатыны есіңізден шықпасын. Жауапты жіберіп алсаңыз, қобалжымаңыз, келесі сұраққа өте беріңіз.
- Әр сұраққа жауап беруге тырысыңыз. Бұрыс жауап бергеніңізге айыппұл қарастырылмаған.
- Қағазды тест кезінде жауаптарыңызды қағазға көшіру үшін соңында берілетін он минутыңызды қолданыңыз. Компьютерлік тест кезінде жауаптарыңызды көшіруге уақыт берілмейтінін ескеріңіз.
- Керек болған жағдайда жауаптарда бас әріптерді қолданыңыз.
- Грамматикаңызды және емлені тексеруге ұмытпаңыз.
Reading
Мұнда сізге үш тапсырманы аяқтауға 60 минут беріледі.
- .Сұрақтарды мұқият оқыңыз. Жауаптарыңызға қолдана алатын сөздер санына назар аударыңыз.
- Мәтінді бірінші рет оқуға тым көп уақыт бөлмеңіз. Жалпы идеясын түсіну үшін бір қарап шығыңыз.
- Әр сұрақтағы негізгі сөздерді белгілеңіз де, мәтінде сол сөздерді немесе олардың синонимдерін іздеңіз (мағынасы бір немесе жақын басқа сөз немесе сөз тіркесі)
- Уақытыңызды үнемді жоспрлаңыз. Сізге 40 сұраққа бір сағат беріледі (яғни әр сұраққа екі минуттан). Әр бөлімге он бес минуттай жұмсайтындай болыңыз.
- Жауаптарыңызды тексеруге уақыт қалдыруды ұмытпаңыз.
- Бір сұрақта тұрып қалмаңыз, оған кейін орала аласыз.
- Жауаптарыңызды көшіруге қосымша уақыт күтпеңіз. Бұл бөлімде сіз жауаптарыңызды оқып отырып жазу керексіз.
- Жауаптарыңызға мәтіннен сөздерді көшіріп қойсаңыз (copy - paste) болатынын ұмытпаңыз.
- Жауабын білмесеңіз де, әр сұраққа жауап беруге тырысыңыз.
- Керек болған жағдайда жауаптарда бас әріптерді қолданыңыз.
- Грамматикаңызды және емлені тексеруге ұмытпаңыз. Зат есім мен етістіктердегі көпше түрге аса көңіл бөліңіз.
Writing
Бұл жерде сізге екі тапсырманы орындаға 60 минут беріледі.
- Сұрақтар қағазында ескертпелер жасаңыз.
- Экраныңыздың үстіндегі сағатқа алаңдамаңыз. Оны жауып тастаңыз!
- Байқамай компьютеріңізде жауапты өшіріп тастасаңыз қобалжымаңыз. Жауапты қайтару үшін Ctrl+Z командасын бассаңыз болды.
- Тапсырмалардағы негізгі ақпаратты белгілеп, қосқыңыз келетін ақпаратқа бес минут бөліңіз.
- Бірінші тапсырмаға 20 минуттан артық жұмсамаңыз. Екінші тапсырмаға ұпай көбірек, сондықтан уақытыңызды жақсы жоспарлаңыз.
- Бірінші тапсырмада кем дегенде 150 сөз және екінші тапсырмада кем дегенде 250 сөз жазыңыз. Кемірек сөз жазсаңыз, ұпайларыңыз да азаяды. Сөздерді санайтын жеңіл тәсіл керек пе? Жай ғана бір жолдағы сөздерді санаңыз да, сол санды жол санына көбейтіңіз.
- Әр абзац нақты көрінетін болсын.
- Мәтіннің ресмилігін естен шығармаңыз және өзекті стильде жазыңыз.
- Жауаптарыңызды тезистермен жазбаңыз.
- Тек өзекті ақпаратты жазыңыз. Егер ақпаратыңыз сұраққа жауап бермесе, оны қоспаңыз.
- Грамматикаңызды, емлені және пунктуацияны тексеруге ұмытпаңыз.
Speaking
Ең соңғы бөлімге жеттіңіз: бұл жерде сізде емтихан алушымен бетпе-бет сұхбат болады. Бөлім үш бөліктен тұрады және оған 11 және 14 минут аралығында уақыт беріледі.
- Терең дем алып, сұрақтарға мейлінше сабырлы жауап беріңіз.
- Жауаптарыңыз тым қысқа немесе жатталынған болмасын. Емтихан алушы жатталынған жауаптарды тез байқап, ұпайыңызды азайтады.
- Екінші бөліктегі бір минуттық дайындық уақытын жақсылап қолданыңыз. Ескертпелер жазып, не айтатыныңызды жоспарлаңыз.
- Тақырып бойынша айтар затыңыз, жеке тәжірибеңіз болмаған жағдайда қорықпаңыз. Жасампаз болыңыз! Жауаптарыңыздың шынайылығын ешкім тексермейді.
- Сұрақты қайталамаңыз. Бірден нақты жауап беріңіз!
- Сөзді еске алам деп көп уақыт құртпаңыз. Оның орнына басқа сөз қолданыңыз.
- Өзіңізді түзесеңіз болады, бірақ шектен асып кетпеңіз!
- Ойларыңызды анық белгілеп, толық жауап беріңіз.
- Өз ойыңызды айтыңыз. Емтихан алушы сіздің көзқарастарыңызды емес, ал оларды қалай жеткізетініңізді бағалайды.
- Сөздік қорыңызды және дұрыс грамматиканы көрсетіңіз. Сөйлемдеріңіз синонимдерге және түрлі грамматикалық құрылымдарға бай болсын. Бірақ ....
- Күрделі грамматика мен сөздерді қолданғаныңызға мақтанбаңыз. Шатассаңыз, тыңдаушы сізді дұрыс түсінбей қалып, ұпайыңыз азайып қалуы мүмкін. Өзіңіз жақсы білетін сөздерді және грамматиканы қолданыңыз және ойыңызды дұрыс жеткізуге тырысыңыз.
Осының бәрін ескере отырып, сіз IELTS тестін сәтті тапсыруыңыз керек. Сәттілік тілеймін!
Тест тапсыру күнін әлі брондамаған болсаңыз, біздің парақшаға өтіңіз.