IELTS тестін тапсыруды ойлап жүрсеңіз немесе тапсыратын күніңіз жақындап қалса, бұл мақала сізге тест күні жақсы нәтижелерге жетуге көмектеседі.
Біздің әлемдік IELTS сарапшымыз Hazan Hayaloğlu сіздерге тыңдалым және оқылым бөлімдерін сәтті тапсыруға пайдалы кеңестерімен бөліседі.
Оқуды жақсартудың алты әдісі
IELTS тестіндегі оқылым бөлімі мәтіннің көлемі үшін қорқынышты боп көрінуі мүмкін. Бірақ, егер сіз тиімді стратегиялармен және менің кеңестеріммен таныс болсаңыз, оны оңай өте аласыз!
1. Тест туралы білу
Барлық халықаралық тестілеу жүйелері сияқты, IELTS-тің де бірегей форматы бар. Мен тестілеуден бұрын форматпен танысуды ұсынамын. Алдымен келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
- Тест қанша уақыт алады?
- Оның форматы қандай?
- Онда неше мәтін бар?
- Ол қандай мәтіндер?
- Қандай дағдылар тексерілетін болады?
- Қандай сұрақтар қойылады?
- Жауаптарыңызды емтихан парағына жазу үшін сізге қосымша уақыт беріле ме?
Біздің Prepare for IELTS page парақшамызда сіздер оқылым бөлімі туралы маңызды ақпаратты және IELTS Prep App қосымшасы мен IELTS Ready Premium онлайн-курсы арқылы жаттығу тестілерін қалай өту керектігін оқи аласыздар.
2. Тәжірибе — жетістікке жетудің жолы
Кітап оқуды ұнататын болсаңыз, онда ағылшын тілінде оқу дағдыларыңызды жақсарту сіз үшін жағымды тәжірибе болады — сіз үйден шықпай-ақ кітапқа үңіле аласыз. Кез келген мәтінді оқи беріңіз: романдар, блогтар, газеттер мен ғылыми журналдарды да. Неғұрлым алуан түрлі мәтін болса, соғұрлым жақсы. Белсенді оқу сізге жаңа сөздерді үйренуге және тез оқуға көмектеседі.
Егер оқуды онша ұнатпайтын болсаңыз, онда сізді қызықтыратын тақырыптардан бастауды ұсынамын, содан кейін күрделі мәтіндерге көшіңіз.
IELTS оқылым бөліміне арналған тесттерден басқа (бірінші кеңесті қараңыз), сіз Интернетте көптеген түрлі дереккөздерді таба аласыз.
3. Оқу техникасын жетілдіріңіз
Көптеген үміткерлер IELTS-тің оқылым бөлімінің қиындылығы мәтіндердің ұзақтығымен байланысты деп ойлайды. Алайда 2750 сөзден тұратын ұзын көлемді үш мәтін және 40 сұрақ бар екенін ескерсек, мәтінді мұқият оқуға уақыт жоқ екенін түсінуге болады. Сондықтан бірнеше қарапайым оқу техникасын білу өте пайдалы болады.
Skimming
‘Skimming’ мәтінді тұтастай қарауға көмектеседі. Негізгі тақырыпты анықтау үшін тақырыптар мен тақырыпшаларды оқуға бір минут бөліңіз. Әр абзац тақырыптық фразада (әдетте абзацтағы бірінші сөйлем, бірақ әрқашан емес) көрсетілген негізгі идеяға арналуы керек. Тақырыптық фразаны анықтау және астын сызу сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.
Scanning
‘Scanning’ — бұл түйінді сөздерді немесе сөз тіркестерін анықтау әдісі. Түйінді сөзді тапқан кезде, сұрағыңызға жауап табу үшін ілеспе мәтінді мұқият оқып шығыңыз.
Бұл қарапайым әдістерді меңгеру жетістікке апарады.
4. Негізгі сөздерге назар аудару
IELTS оқылым бөліміндегі мәтіндер жаңа сөздерге толы. Оларға алаңдамаңыз. Сізге әр сөзді түсінудің қажеті жоқ және контекстке сүйене отырып, сіз әрқашан таныс емес сөздің мағынасын болжай аласыз.
Түйінд сөздер шынымен маңызды.
Сұрақты мұқият оқып, түйінді сөздердің астын сызып қойыңыз. Мәтіннің қажетті бөлігін табуға қандай сөздер немесе сөз тіркестері көмектесетінін болжауға тырысыңыз. Бұл сөздердің орнына не келетінін ойлап көріңіз. Олардың синонимдері мен антонимдері (мағынасы қарама-қарсы сөздер) қандай? Сөздерді алмастырып көріңіз. Мысалы, егер сөйлемде joint («бірлескен») сөзі болса, ол сондай-ақ together («бірге») немесе shared («ортақ») дегенді білдіретінін ұмытпаңыз. Осылайша, егер мәтінде ‘he was the sole winner’ (ол жалғыз жеңімпаз болды) деп тұрса, онда бұл жерде joint («бірлескен») сөзі келмейді.
5. Нұсқауларды дәл орындаңыз
Егер нұсқаулықта "бір ғана сөзді қолданыңыз" делінсе, ешбір жағдайда бір сөзден артық сөз жазуға болмайды. Нұсқаулықты оқуда ұқыпсыздық үшін ұпай жоғалтудың қажеті жоқ.
Жетпейтін сөздерді қою тапсырмасында сөздерді енгізгеннен кейін сөйлемнің грамматикалық дұрыстығын тексеріңіз. Көпше және жекеше формаларға ерекше назар аударыңыз.
Орфография (spelling) мен бас әріптерді де ұмытпаңыз!
6. Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз!
Сізде 40 сұраққа жауап беру үшін бір сағат қана бар екендігі есіңізде болсын. Демек, бір сұраққа бір жарым минутыңыз бар. Қиын сұрақтарды кейінге қалдырыңыз; оларға кейінірек оралуға болады.
Емтихан парағын дереу толтыра бастаңыз, себебі тыңдалым бөліміндегідей жауаптарыңызды қайта жазу үшін сізге қосымша уақыт берілмейді. Барлық сұрақтарға жауап беріп, бірақ оларды емтихан парағына көшіруге уақыт жетпей қалса өкінішті болар еді!
Стратегияны таңдамас бұрын, сұрақтың түріне назар аударыңыз. Жауап ұсыныстары бар ма, әлде фразаны толықтыру қажет пе? Сұрақтарды бірінші оқу арқылы сіз көп уақытты үнемдейсіз, бірақ бұл дұрыс тақырыптарды таңдаудың ең жақсы стратегиясы болмауы мүмкін.
Тыңдауды жақсартуға арналған алты кеңес
1. Тағы да — тестпен танысыңыз!
Тест тапсырар алдында келесі сұрақтарға жауап беруді ұсынамын.
- Сұрақтардың қандай түрлері қолданылады? (Әр түрге жеке стратегия қажет).
- Форматы қандай?
- Тесттің әр бөлімінде қандай тапсырма?
- Маған қандай дағдылар қажет?
IELTS Ready Premium немесе IELTS Prep App онлайн-курсымен танысыңыз.
2. Практика, практика, практика
Белсенді тыңдаушы болу арқылы тыңдау дағдыларыңызды жақсартыңыз. Фильмдер мен сериалдарды көру қызықты болуы мүмкін, бірақ онымен ғана шектелмеген дұрыс. Сөздік қорыңызды кеңейту және әртүрлі акцентпен танысу үшін ағылшын тілінде подкастар, жаңалықтар мен TED әңгімелері сияқты әр түрлі ресурстарды тыңдаңыз (сіз IELTS кезінде британдық акценттен басқа да акценттер естуіңіз мүмкін).
Мақсатыңыз — ағылшын тілінде күн сайын тыңдау. Интернетте көптеген қызықты және күлкілі контент таба аласыз. Сізді қызықтыратын тақырыптардан бастаңыз, содан кейін күрделірек оқу материалына көше аласыз.
Ағылшын тілін тыңдау сізге сенімділікті арттыруға және тестілеу кезінде стрессті жеңуге көмектеседі.
3. Ең бастысы — түйінді сөздер
Тест кезінде аудиожазбаны бір рет естисіз. Оны қоспас бұрын нұсқаулар мен сұрақтарды оқуға уақытыңыз болады. Сұрақтарды оқи отырып, түйінді сөздердің астын сызыңыз және жазбаның мазмұнын болжауға тырысыңыз, мысалы кім сөйлейді, не туралы айтылады.
Мен түйінді сөздердің өте маңызды екенін қайталай беремін. Оларды ауыстыру үшін қандай сөздерді қолдануға болатынын қарастырыңыз. Әсіресе ұсынылған жауаптардан қараңыз, себебі сіз сұрақтарда қолданылған дәл сөздерді жазбада естімеуіңіз мүмкін.
Сұраққа немесе пайымдамаға назар аударыңыз және қандай ақпарат қажет екенін болжауға тырысыңыз. Бұл зат есім бе? Етістік пе? Шыққан сөйлемнің грамматикалық дұрыстығына назар аударыңыз. Сөздің дұрыс формасын қолданыңыз.
4. Назарыңызды бөлмеңіз
Алдымен естігеніңіз дұрыс жауап болмауы мүмкін, сондықтан алаңдаушы факторлардан сақ болыңыз. Сөйлеуші алдымен бір нәрсені айтуы мүмкін, сосын жауабын басқа жаққа бұруы мүмкін. Сондай-ақ, баяндамашы мағынасында шамалы айырмашылықтары бар барлық нұсқаларды тізімдеп отырған болуы мүмкін. Мәліметтерге мұқият болыңыз!
5. Жауапты көп күтпеңіз
Егер сіз жауапты ұзақ күттіңіз деп ойласаңыз, сіз оны жіберіп алған боларсыз. IELTS тыңдалым бөлімінің үлкен артықшылығы — сұрақтарға кездейсоқ жауап берудің қажеті жоқ: олардың барлығы ретімен келеді
6. Жауаптарыңызды мұқият жазыңыз
Егер сіз тестілеуді қағаз емтихан парағы арқылы тапсыраңыз, жауаптарыңызды бастаулықтан емтихан парағына ауыстыру үшін қосымша он минут беріледі. Еміле мен бас әріпке назар аударыңыз. Егер сізге бас әріп қажет екеніне сенімді болмасаңыз, жауаптарыңызды толық бас әріппен жаза аласыз. Грамматикалық қателер жоқ екеніне және барлық нұсқауларды орындағаныңызға сенімді болу үшін жауаптарыңызды соңғы рет қарап шығыңыз.
Есіңізде болсын: егер сіз тестті компьютерде орындасаңыз, сізде бастаулықпен жұмыс істеуге және жауаптарды көшіруге қосымша уақыт болмайды, себебі сізге жауаптарды бірден толтыру қажет болады.
If you'd like to see the upcoming IELTS test dates or check the pricing of the exam, please visit the IELTS booking page.