By Hazan Hayaloğlu

02 June 2021 - 16:48

A close up of a girl preparing for IELTS on her laptop.

IELTS тестін тапсыруға бел байлап, енді неден бастарыңызды ойлап жүрсіз бе? Бүгін сіздің сәтті күніңіз! Себебі біз осы жерде әлемдік IELTS сарапшысы Hazan Hayaloğlu ханымның тестке дайындалуға тоғыз үздік ресурстарымен бөлісеміз.  

Басынан бастаңыз

Сірә IELTS тестіне дайындалудың ең маңызды бөлігі – тестке дейін оның пішімі мен білімді бағалау критерийін түсіну. Осыны түсінген үміткердің нәтижесі де жақсырақ болмақ. 

Ал, осыны түсінсек, енді менің IELTS-ке дайындалуға үздік тоғыз ресурсыма шолу жасайық.

1. Road to IELTS курсы

Road to IELTS – British Council-дің ресми онлайн дайындау курсы. Бұл жерде тегін және ақылы нұсқалар бар және курс онлайн болғандықтан, сабақты қалаған уақытта, кез келген жерде оқи аласыз. Курста көптеген практикалық материалдар, видео үлгілері, мұғалімдерге арналған оқулықтар, сонымен қатар онлайн және қағазға шығарылатын мерзімделген практикалық тесттер бар. 

Көздеген нәтижеге жетуге сізге жоспарлау және қадағалау құралдары, сондай-ақ сайттағы нәтиже калькуляторы, тесттің кері есебі және басқа оқу жоспарын жақсартуға арналған ресурстар көмектеседі.

Әр бөлімге қанша уақыт жұмсағаныңызды қадағалап, жақсартуды қажет ететін бөлімдерге көбірек уақыт бөліп, дайындық уақытын тиімді түрде ұйымдастыру үшін ыңғайлы Оқу жоспарлаушысын пайдалана аласыз.

Түрлі қолжетімді пакеттер (тегін және ақылы нұсқалары бар) туралы ақпаратты  Take IELTS веб-сайтымызда таба аласыз.

Сонымен қатар Road to IELTS курсы туралы ыңғайлы YouTube сабағы бар.

2. Мобильдік қосымшалар

Келесі тегін, қолдануға оңай мобильдік қосымшалары IELTS тестіне қозғалыста дайындалуға мүмкіндік береді.

IELTS Prep App

IELTS Prep қосымшасында тегін тәжірибелік тесттер, сұрақтар үлгісі, грамматикалық және сөздік жаттығулары, сондай-ақ IELTS тестінің барлық бөлімдеріне толық шолу бар. Қосымшадағы пайдалы кеңестер мен прогресс трекері нәтижеге жетуге көмектеседі.

IELTS Word Power

IELTS Word Power сөздік қорыңызды дамытуға көмектеседі, себебі бұл IELTS тестінің барлық бөлімінде керекті зат (ал жазу мен сөйлеу бөлімінде бұл ең керекті десе болады). Жаңа сөздерді жалғыз немесе достарыңызбен қызықты ойындар ойнау арқылы жаттап, сөздік қорыңызды біртіндеп байыта аласың. 

LearnEnglish Audio and Video

LearnEnglish Audio and Video Ұлыбритания тұрғындарының тағамы, мәдениеті, күнделікті өмірі, әңгімелері мен өлеңдері туралы таңдамалы подкастар және видеолар ұсынады. Видеоларда жылжымалы субтитрлер таңдауға және видео жылдамдығын өзгертуге болады.

3. Дайындалу вебинарлары

Тест туралы сұрақтарыңыз болса, сертификатталған IELTS сарапшысымен тікелей байланыссаңыз болады. Ол үшін тегін IELTS вебинарына қосылыңыз. Вебинарларды білікті IELTS мамандары өткізеді және әр вебинарда тесттің нақты бір бөлімі бойынша егжей-тегжейлі ақпарат беріледі. Сонымен қатар мамандар вебинарда қатысушылардың сұрақтарына жауап береді

Вебинар парақшамызда электрондық жөнелту тізіміне қосылып, алдағы сессия туралы хабарландыру алыңыз.

Тест өту күнін әлі брондамаған болсаңыз және сонда да дайындыққа қатысқыңыз келсе, «Дайындалу» бетінде тіркеліп, IELTS практикалық материалдарын тегін жүктеңіз. Тіркелгендерге тегін онлайн материалдар және бір толықтай тест жіберіледі.  

4. Компьютерде орындалатын тесттің үлгісі

Компьютерде орындалатын IELTS тестіне тіркелген болсаңыз (бұл тест онлайн өтеді), онда Британдық кеңеске толықтай тест алуға сүһұраныс жіберсеңіз болады. Сонда сіз тест күнінде не болатынын жақсырақ түсінесіз. Үлгі тестке тіркелу үшін: Take IELTS website.

Біздің YouTube-арнамызда компьютерде орындалатын тестіне шолу видео-сабағы да бар.

5. IELTS курсын түсіну

Бұл тегін, үш апталық онлайн дайындық курсында IELTS тестінің әр бөлімі туралы ақпараттық видеолар бар. Видеоларды тәжірибелі IELTS үйретушілері әзірлеген. 

Курс интерактивті, сондықтан мұнда сіз өзіңіздің тәжірибеңізбен, кеңестеріңізбен және ойыңызбен басқа оқушыларға бөліссеңіз болады.

6. Ресми IELTS практикалық материалдары

Ақпаратты қағаз бетіне шығарып оқығанды ұнатсаңыз, тесттің академиялық және жалпы дайындық нұсқаларын қамтитын Ресми IELTS практикалық материалдарын сатып алсаңыз болады. Бұл жерде практикалық тесттер, жауап парақтары және үлгілері бар. CD-ROM және жазба стенограммасы бар екі том қолжетімді. 

Онлайн жүктеу үшін. Практикалық материалдар сондай-ақ Британдық кеңестің тест орталықтарында және таңдамалы кітап дүкендерінде бар. 

7. IELTS бойынша үздік кеңестер

ELTS бойынша үздік кеңестер the Top Tips for IELTS  оқулығы мен CD-ROM алсаңыз, жауап үлгілері мен ұпайлары бар интерактивті практикалық тест және IELTS-тің әр бөлімі бойынша кеңестерге қол жеткізесіз. Оқулық тәжірибелі Cambridge ESOL емтихан алушыларымен құрастырылған.

8. Практикалық тесттер

Тәжірибе шыңдайды. Сондықтан British Council IELTS тестінің әр бөлімі бойынша тегін практикалық тесттер ұсынады. Мерзімделген практикалық сессиялар әдістеріңізді жетілдіруге көмектесіп, IELTS тестінің шарттарымен таныстырады.

9. IELTS Progress Check 

Егер сіз тестілеудің әр бөлімі бойынша көрсеткіш алғыңыз келсе, IELTS Progress Check  құралы сізге өте пайдалы болады. Бұл онлайн ресми тест арқылы сіз негізгі тестке дейін қай дағдыларыңызды жақсарту керектігін анықтап, оқу кестесін тиімді жоспарлай аласыз.

Тест білікті IELTS мамандарымен бағаланған және олар тестілеу аяқталғаннан кейін бес күн ішінде сіздің жалпы ұпайыңыз туралы есеп береді

Есіңізде болсын ...

IELTS-ке дайындалу сізді есеңгіретіп жіберуі мүмкін, бұл әсіресе сізде уақыт шектеулі болса өзекті. Өзіңізге дайындалуға жеткілікті уақыт беріңіз және дайын екеніңізге толығымен сенімді болмағанша тест тапсыратын күнді брондамаңыз. Сізде ақылға қонатын дэдлайн, қажытпайтын оқу кестесі болу керек. Өзіңіздің әлсіз тұстарыңызды анықтап, солармен жұмыс істеңіз. Алдыңызға өз дәрежеңізге негізделген жоспар қойсаңыз, нәтижеге міндетті түрде жететініңізге сенімдімін. 

Егер сіз IELTS тестінің алдағы күндерін көргіңіз келсе немесе емтихан бағасын тексергіңіз келсе, IELTS брондау парағына кіріңіз.