Әр жылдың соңына қарай мектептер бағдарламадағы жетістіктерін атап өту үшін жыл сайынғы жұмыс жәрмеңкесіне қатысады. Бұл фестиваль мұғалімдерге өз жетістіктеріне жету жолында, жоба аясында жинаған нақты деректері мен өздерінің дайындаған портфолиоларын, презентациясын көрсетуге мүмкіндік туғызады. Постерлер мен портфолионы мұқият безендіру деңгейі өте керемет. Мұғалімдер мен тәрбиешілер өз қолдарынан жасалған шығармашылық жәдігерлерді көрмеге қойып, бағдарламаның нәтижелерін, соның ішінде өз зерттеулері, жобалары мен есептерін көрсету үшін қысқаша презентация жасайды. Фестиваль сонымен қатар зерттеу тақырыптарын анықтауға және оларды жарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, фестиваль жоба серіктестеріне де, берілген білімдері үшін рахметін айтуға мүмкіндіктер береді.  

2019 жылғы фестиваль кезінде бірнеше оқытушылар  Ш.Есенов атындағы университеттің конференц-залында пленарлық форматта өткен бағдарламаның арқасында үйренгендері туралы қысқаша түсініктеме берді. Жиналған аудиторияға екі ағылшын тілі мұғалімі және екі жаратылыстану пәні мұғалімі өз тұсаукесерлерін ұсынды. 

Бұндай түсініктемелер ағылшын тілін білмейтін мұғалімдерге жеткілікті мағұлмат алуға көмегін тигізді.

Фестиваль барысында, Ұлыбританиядағы The Consultants-E білім беру бөлімінің директоры Никки Хокли келіп барлық экспонаттарды аралады, презентацияларды тыңдады және мұғалімдер портфолиосымен танысты. Ол ағылшы тілін білмейтін мұғалімдерге аударма жасайтын ағылшын тілі мұғалімдері көп болғандығы жеткізіді. Дайындалған постер-презентациялардың жалпы деңгейі мен мұқияттылығы, сондай-ақ портфолиодағы материалдардың көптігі әсерлі болғанын айтты.