Creative Spark форумы — креативті индустрияны дамытудағы жоғары оқу орындарының рөлінің ықпалын арттыру үшін негізгі мәселелерді анықтауға және қажетті өзгерістерді талқылауға арналған алаң болып табылады.
Форум университеттердегі креативті кәсіпкерлікті дамыту бойынша семинарлардың жалғасы ретінде өткізілуде. Олардың нәтижелері бойынша «Creative Spark» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мен Қырғызстанның серіктес университеттері кездесетін негізгі проблемалар мен кедергілер туралы есеп жасалды. Баяндама Форум барысында ұсынылатын болады. 2021 жылы креативті индустрияны дамытудың қазақстандық жобалық кеңсесі 2025 жылға дейінгі креативті индустрияны дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті, мұнда білім саласы да ерекше рөл атқарады. Форумда жоғары білім беру ұйымдарын Тұжырымдаманы іске асыруға, әсіресе, креатівті кәсіпкерлерді даярлау бөлігінде тартудың күтулулері мен мүмкіндіктері талқыланады.
Форумның қатысушылары
«Creative Spark» бағдарламасының университеттері мен серіктес ұйымдары, Қазақстан мен Қырғызстанның университеттері, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, креативті индустрияларды дамытумен айналысатын квазимемлекеттік ұйымдар.
Іс-шара өткізілетін тіл: Орыс, Қазақ тіліне синхронды аудармасымен. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі субтитрлері бар форум жазбасы біздің ресми YouTube арнамызда қолжетімді болады.