Date
Дүйсенбі 29 Наурыз 2021 қа Жексенбі 11 Сәуір 2021

Жобаның мақсаты — өнер дамуына коллаборация, эмпатия және тәжірибелер арқылы мүмкіндік беру. Биыл STYQ платформасында STYQ Online атты жаңа бағыт ашылып жатыр. Соның аясында 29 наурыз бен 11 сәуір аралығында алғашқы жария бағдарлама өтеді.

STYQ Online тегін онлайн іс-шаралардан тұрады. Атап айтқанда, лекциялар, панельдік пікірталастар, уоркшоптар, сондай-ақ, түрлі жанрдағы суретшілердің видео-жұмыстары мен көрмелер болады.

Жоба Creative Producers бағдарламасы шеңберінде British Council қолдауымен құрылған. Creative Producers деген — British Council-дің Орталық Азия елдеріндегі (Қазақстан мен Өзбекстан) шығармашылық продюсерлікті алға жылжытуға бағытталған үш жылдық бағдарламасы.

STYQ Online бағдарламасының негізгі бөлімі — Creative Producers Year 2 қатысушыларының жобасы. Аталған бағдарламаның аясында үш негізгі  жобалар секциясы таныстырылады. Олар белгілі бір тақырыптарды қамтиды:

  • 1-жоба “MÁTIL” деп аталады. Мұнда тілдің функциясы байланыс құралы ғана емес, тілдік активизм, төменгі тілдік бастамалар, әдеби аудармалар түрінде көрініс табатын практикалар шоғырланады.
  • 2-жобаның атауы — “Тәуелділік/ Depending”. Тәуелділік тақырыбын деректі театр, фотосуреттер мен видео арқылы зерттеуді мақсат етеді.
  • 3-жоба — “CIRCULO”. Бұл — музыкалық альбом негізінде құрылған мультидисциплинарлық видео-жоба. Жоба секцияларының әрқайсысы білім беру контенті форматындағы кешендерден тұрады. Сол арқылы перфонманс мәнмәтініне енуге негіз болады.