23 сәуірде Алматыда Лондонда тұратын және жұмыс істейтін қазақстандық жас дизайнер Abzal Issa Bekov-тың кеңестемелік сессиясы (advisory session) өтеді. Абзал – Лондондағы дизайнерлік мектептердің Сән апталығын өзінің топтамасымен ашқан тұңғыш қазақстандық дизайнер.
Сессияға шағырамашалық жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер, олардың оқытушылары, жұмысын жаңа бастаған және бұрыннан қалыптасқан дизайнерлер шақырылады.
Сессияның тақырыбы: “We have nothing to say and we still saying it”. Абзал өзінің шетелде жұмыс істеген тәжірибесін бөліседі, үздік дизайн мектептері – Нью-Йорктегі Parsons School of Design және Лондондағы Central Saint Martins мектептерінде оқығаны туралы айтып береді. Сондай-ақ сессияға қатысушылар баяндамашыға сұрақ қоя алады.
Өтетін жері: Grand Hall, BIYEN Conference Room, Almaty Towers, Байзақов көшесі, 280.
Уақыты: 16.00-17.00
Кіру тегін. Орын саны шектеулі болғандықтан тіркелу қажет. Осы іс-шараға тіркелу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.
Abzal Issa Bekov туралы
Central Saint Martins мектебінің түлегі Abzal Issa Bekov Қазақстанның солтүстігінде туған. Ол тігінші болып жұмыс істеген анасының жұмысын көре жүріп өсті. Бәлкім, сондықтан да болар – лондондық дизайнер үшін дәстүрлі киім пішу мен тігу негіздерінің үлкен маңызы бар. Ол осы негіздерді өзінің тамаша студенттік топтамасында пайдаланды. Онда уақыт сынынан өткен классикалық силуэттер әдеттен тыс андеграунд әсері арқылы түрленеді.
Сэвил Роу және Лондонның 1970 жылдардағы кинк-мәдениетінің дәстүрлерін шебер ұштастыра отырып, Абзал өзінің торкөз костюмдерімен әйгілі болған британдық сәнгер Томми Наттердің және электр зарядымен қаныққан ақ-қара фотобейнелер жасаған фотограф Роберт Мэпплторптың мұрасына көңіл аударады. Бұл еңбектің нәтижесінде шеберлікпен жасалған, теңгерімді дебюттік топтама дүниеге келді. Ол тарихты және бір жерге шоғырланған шабыт күшін ұштастырады.