British Council (Британдық кеңес) «Шеврон» компаниясымен және MOST бизнес-инкубаторымен бірлесе отырып әрі GREAT Britain науқанының қолдауымен British Days (Британдық дизайн күндері) іс-шаралар топтамасын ұсынады. Бұл жоба Қазақстанның жаңа талап сән дизайнерлері мен өнеркәсіптік дизайнерлердің және осы секторда жұмыс істейтін жас кәсіпқойлардың машықтарын дамытуға бағытталған. British Days бағдарламасы MOST бизнес-инкубаторының Жасампаз кәсіпкерлер мектебінің бір бөлігі болып табылады.

British Days бағдарламасы шеңберіндегі іс-шаралар 2015-16 жылдарында өтеді және төмендегілерді қамтиды:

  • Дизайнерлерге арналған мастер-кластар
  • Дизайн саласында жұмыс істейтін кәсіпқойларға арналған семинарлар
  • Дизайнмен әуестенетін бұқара көпшілікке арналған дәрістер

Барлық іс-шаралар дизайн мен бизнес саласында мол тәжірибесі мен байланыстары бар британдық тәлімгерлердің қатысумен өткізілетін болады.

Бұған дейін өткен British Days іс-шараларынан бейне материал көріңіз.

Сәулет/қалалық дизайн

Нысана: Ойланып-толғанудан нақты істерге көшу Бұл мастер-класта сәулетшілер мен қала құрылысшылары өздерінің зерттеулері мен ойларын нақты жобаларға айналдыру үшін пайдалана алатын стратегиялар қарастырылады. Қайта өркендеу мен көпшілік кеңістіктер тақырыбын зерделеу негізінде мастер-класс сәулетшілерге өз идеялары мен тұжырымдарын клиенттердің алдында паш ету машықтарын дамытуға көмектеседі.   Төменде сіз Сэмдің дәрісiнің толық бейнесін көре аласыз. Дәрістің тақырыбы: "Designing for a city. Almaty 2015".