©

Brunel University. Photo credits @brunelstudents

Date
Сенбі 28 Сәуір 2018
Location
DEADLINE

Қазақстандағы British Council, Қазақстандағы Chevening бағдарламасы түлектерінің қауымдастығы және UK Alumni Kazakhstan бірлестігі тұңғыш рет Ұлыбританияда оқыған жастарға арналған тәлімгерлік бағдарламасын іске қосып отыр.

Тәлімгерлік бағдарламалары кәсіби даму мен жұмыс нарығында қажет дағдыларды қалыптастырудың тиімді құралы болып танылуда. Қазіргі уақытта көптеген ұйымдар осындай кәсіби даму бағдарламаларын жүзеге асыруда. Бұл бағдарламалар жұмысын енді бастап жатқан жас мамандар мен кәсібилігі жоғары мамандар арасында тәжірибе-білім алмасуын қамтамасыз етеді. 

Осы орайда Қазақстандағы British Council ұйымы британдық ЖОО түлектерінің алғашқы буыны мен оқуын жақында бітірген түлектерге арналған тәлімгерлік бағдарламасын ұсынады.

Сіздерді тәлімгерлік бағдарламамызға тәлімгер немесе шәкірт ретінде қатысуға шақырамыз.

МЕН НЕГЕ ТӘЛІМГЕР БОЛУЫМ КЕРЕК?

 

  • Сіз жас қызметкерлердің кәсіби әрі жеке дамуына үлес қоса аласыз
  • Сіз мансабыңызға тың көзбен және жаңа тұрғыдан қарап, өзіңізге қандай өзгеріс керек екенін түсінесіз
  • Сіз өз беделіңізді және ұйымыңыздың имиджін көтересіз
  • Сіз Қазақстандағы кәсіби капиталдың сапалық деңгейін көтеруге өз үлесіңізді қосасыз 

 

МЕН НЕГЕ ШӘКІРТ БОЛУЫМ КЕРЕК?

 

  • Сіз көмек пен қолдау, қажетті білім мен тәжірибе аласыз
  • Кәсіби дамуыңызға және жұмыста табыстарға жетуіңізге септігін тигізеді 
  • Жоғары буындағы басшыларымен байланыстарыңызды кеңейтуге мүмкіндік береді
  • Өзге шәкірттермен танысып, байланыстарыңыз кеңейеді
  • Өз салаңыз бойынша қолдау мен кеңес аласыз

 

Егер сіз британдық оқу орнының түлегі болсаңыз және біліміңіз бен кәсіптік тәжірибеңізбен бөліскіңіз келсе, немесе өзге түлектерден үйренгіңіз келсе, онда тиісті өтінішті толтыруыңызды сұраймыз:

Өтінім беру мерзімі – 2018 жылғы 28 сәуір.

Іс-шаралардың мерзімдері:

2018 жылғы 22 мамыр Тәлімгерлер мен оқушыларға арналған онлайн-оқу
2018 жылғы 26 мамыр Астана қаласындағы бастапқы іс-шара (басқа қалалардан келетін қатысушыларға көлік ұйымдастырылады)
2018 жылғы маусым-шілде Сегіз тәлімгерлік сессия 
2018 жылғы шілденің аяғы Астана қаласындағы қорытынды іс-шара (басқа қалалардан келетін қатысушыларға көлік ұйымдастырылады)

Байланыс деректері

Егер сұрақтарыңыз болса, бізге жазыңыз: Alumni@kz.britishcouncil.org.