Date
Жұма 11 Қыркүйек 2015 -
19:00 қа 21:00
Location
Қазақтың халық музыка аспаптары мұражайы

11 қырқүйекте Алматыда «Британдық дизайн күндері» (British Design Days) жобасының шеңберінде британдық дизайнер Гарет Нилдің көпшілікпен кездесуі болады. Гарет сондай-ақ өнеркәсіптік дизайн саласында жұмыс істейтін қазақстандық дизайнерлер үшін мастер-кластар өткізеді.

Дәрістің тақырыбы «Оқшаулық. Адамдар. Процесс. Мағына беру». Баяндамасының барысында Гарет және жергілікті дизайнерлер «Жергілікті дизайн» деген не және қазақтың орындығын қалай жасау керек?»деген сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Орындар саны шектеулі болуына байланысты тіркелу қажет болады. Іс-шараға қатысуға тіркелу үшін хаттың тақырыбын British Design Days деп көрсетіп, өз аты-жөніңіз бен байланыс деректеріңізді мына электрондық мекенжайға жіберіңіз.

Толықтыру: тіркеу аяқталды

12 – 14 қырқүйекте жобаның шеңберінде сондай-ақ өнеркәсіптік дизайн саласының кәсіпқойларына арналған мастер-кластар өтеді.

Гарет Нил туралы

Гарет Нил материалдар таңдауда өнертапқыштық, танымпаздық және бұрыннан таныс нәрселерге жаңа көзқараспен қарау негізінде дизайнның бірегей тәсілдемесін пайдаланады. Ол дизайн мен қолөнер саласында жаңа дәуірді қалыптастыруға көмектесті. Оның жұмысы өзі Брайтон университетінің негізінде жүргізетін, дәстүрлі процестер мен digital-өндірісті зерделеуге бағытталған төл зерттеуімен байланысты.

Гареттің еңбектері халықаралық көрмелерде, Лондондағы Виктория және Альберт мұражайынан бастап Нью-Йорктегі Өнер және дизайн мұражайына дейін қойылды. Толық ақпаратты http://garethneal.co.uk сайтынан табуға болады.

British Design Days жобасын Британдық Кеңес MOST Бизнес-инкубаторымен және Experimentarium Live жобасымен бірлесе отырып «Шеврон» компаниясының қолдауымен жасампаздық индустрияларды дамыту жөніндегі бағдарламаның бір бөлігі ретінде іске асырады.

MOST Жас кәсіпкерлер клубы «Шеврон» корпорациясымен бірлестікте шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі бағдарламаның шеңберінде жасампаздық индустриялар саласындағы стартап-жобаларға арналған акселерациялық бағдарламаға іріктеу туралы жариялайды. Шығармашыл кәсіпкерлер мектебіне қатысу үшін 20 үздік жоба іріктеліп алынады, олар MOST Бизнес-инкубаторының шеңберінде екі айлық акселерация бағдарламасынан тегін өту мүмкіндігіне ие болмақ. Акселерациялық бағдарлама туралы толық ақпаратты мына сайттан табуға болады: https://most.timepad.ru/event/241939/