Date
Жұма 13 November 2015 - 12:00
Location
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы

13 қарашада Алматыда British Urban Days жобасының шеңберінде британдық дизайнер Сэм Галлэмның көпшілікке арналған дәрісі өтеді.

Дәрістің тақырыбы: «Designing for a City»

Өткізілетін жері: Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (Шевченко көшесі, 28).

Басталуы: 12.00

Бұл іс-шара Urban Forum Almaty бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Қатысу үшін мына сайтта тіркелу қажет.

Сондай-ақ 11-12 қарашада Сэм қазақстандық сәулетшілерге арнап мастер-кластар өткізеді.

Сэм Галлэм туралы

Қалалық орта дизайнері Сэм Галлэм соңғы 20 жылда қалаға арналған жиһазға, бағыт сілтегіштерге, қоғамдық аймақтар мен көлік жүйелеріне арналған дизайнды әзірлеумен айналысып келеді.

Сэм ғимараттардың арасындағы кеңістіктерде ақпараттық жүйелер мен инфрақұрылымды қалыптастырудағы іс-әрекетті үйлестіру қаланың бейнесін және ондағы белгілі бір жерден алынатын әсерді жақсартып қана қоймай, сонымен қатар мұның қалалардың жұмыс істеуі үшін іргелі маңызы бар деп санайды.

British Urban Days жобасын Британдық Кеңес «Шеврон» компаниясының және GREAT Britain кампаниясының қолдауымен, MOST Бизнес-инкубаторымен және Atomik Architecture бірлестікте, шығармашылық индустрияларды дамыту бағдарламасының бір бөлігі ретінде іске асырады.