Date
Сейсенбі 25 Қыркүйек 2018 қа Жұма 05 Қазан 2018
Location
ДЭДЛАЙН

British Council (Британ Кеңесі) Алматы қаласының оқушылары арасында үздік бизнес-идеясын анықтау үшін конкурс жариялайды. Конкурс British Council-дың «Шеврон» компаниясымен серіктестігі негізінде жүзеге асырылатын «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік пен білім беру» атты жобасы аясында өтеді. Конкурстың мақсаты – оқушылар арасында кәсіпкерлікті дәріптеу, кәсіпкерлік және презентация жасау қабілеттерің дамыту, оған қоса бизнес-идеяларды тудыру қабілеттерін дамыту.

Конкурсқа қатысу шарттары:

Алматы қаласының орта білім беру мектептерінің 14-17 жас аралығындағы оқушылары жеке немесе топ құрып (әр топта 3 адамнан артпауы керек) конкурсқа қатыса алады.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:

  • 1 кезеңде (2018 жылдың 15 тамызынан 25 қыркүйегі аралығында) жиналған бизнес-жоспарлар негізінде сайыскерлерді іріктеу өткізіледі. Конкурс тың 2-кезеңіне ең жоғары ұпай* жинаған ең көп дегенде, 10 топ / қатысушылары жолдама алады.
  • Конкурстың 2-кезеңінде (2018 жылдың 27 қазаны) конкурстың бірінші кезеңінен өткен қатысушылар қазылар алқасына өздерінің бизнес-идеяларын питч ретінде таныстырады (құрылымданған қысқапрезентация).

1 іріктеу кезеңіндегі жобаларды бағалау критерийлері

  • Құжаттардың толық болуы
  • Идеяның бірегейлігі
  • Ұсынылған бизнес-үлгінің тұрақтылығы және шынайылығы
  • Бизнес-идеяны нақты жеткізе алуы

Конкурсқа қатысушы әр топ конкурс комиссиясының қарастыруына бір ғана жоба ұсынады.

Серіктестер: British Council, «Шеврон», Алматы қаласының Білім департаменті, Алматы қаласының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Ақпараттық серіктес: Neupusti.net порталы

Сыйлықтар: Жеңімпаздарға электроника бұйымдарын сатып алуға мүмкіндік беретін, құны 30 000 теңгені құрайтын сыйлық сертификаттары беріледі.

ӨТІНІМ БЕРУ

Құжаттарды толтыру ережелері:

  1. Тіркеу нысаны мен бизнес-жоспар конкурсқа қатысу ережелеріне сәйкес 2018 жылдың 25 қыркүйегінің сағат 18.00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) онлайн толтырылады.
  2. 1-кезеңнен іріктелген қатысушылардың барлығы 2018 жылдың 7-23 қазаны аралығында финалға онлайн және офлайн режимінде дайындықтан өтеді.
  3. Конкурс финалистері өз жобаларын үш минуттық питч ретінде таныстырады. Питчинг кезінде финалисттер Power Point/PDF/Prezi форматтарындағы презентацияларды қолдана алады.