Date
Сәрсенбі 02 Наурыз 2016 -
08:00 қа 16:30
Location
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Қазақстандағы British Council ағылшын тілінің оқытушыларын және ағылшын тілін сабақ беру тілі ретінде пайдаланатын басқа пәндердің оқытушыларын «Пәндерді ағылшын тілін пайдаланып оқыту: Пәрдік - тілдік біріктірілген оқыту (CLIL)» конференциясына қатысуға шақырады. Конференция ағылшын тілі оқытушыларының және ағылшын тілін сабақ беру тілі ретінде пайдаланатын оқытушылардың арасында кездесулер ұйымдастыру мақсатында өткізіледі және пәндерден сабақ беру үшін ағылшын тілін қазірдің өзінде қолданып жатқан мектептер мен университеттердің арасында оқыту мен идеялар алмасатын алаңшаға айналады.

Конференцияда сіз ағылшын тілінен сабақ берген кезде пәнді жақсы түсінуге көмектесетін түрлі сабақ беру әдістемелерімен және іс-тәжірибелік стратегиялармен танысасыз. Сіз Ұлыбританиядан келген оқытушылар өткізетін интербелсенді семинарларға қатысып, CLIL әдістемесінің артықшылықтары және өз кәсіби дамуыңыздағы оның рөлі туралы біле аласыз.

Конференцияжа CLIL әдістемесінің негіздері мен міндеттері, сондай-ақ сабақ беру тұрғысынан алғандағы оның маңызы талқыланатын болады. Сондай-ақ оқытушылардың оқыту үдерісінің негіздерін (мазмұн, тіл, коммуникация, таным) және CLIL бағдарламасы бойынша оқушыларға арналған қолдау стратегияларын түсінуі мәселесіне назар аударылатын болады.

Конференцияда пленарлық және секциялық отырыстар қамтылады (әр семинарға 90 минут). Қосымша ақпарат, соның ішінде конференцияның толық бағдарламасы кейінірек беріледі.

Орындар саны шектеулі болғандықтан, қактысушылардың алдын ала тіркеліп қоюы қажет. Төмендегі шарттарға сай келетін кандидаттарға артықшылық берілетіні туралы хабардар етеміз:

  • ағылшын тілін ең кем дегенде меңгеру деңгейі – Шет тілін меңгерудің жалпы екропалық құзырлығы (Common European Framework of Reference for Languages) бойынша A2 деңгейі;
  • ағылшын тілінде сабақ беру тәжірибесі – кем дегенде бір жыл.

Конференцияға қатысу үшін тіркелу

Тіркелу мерзімі аяқталатын күн: 24 ақпан 2016 

Конференция аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлығы Macmillan баспасы менBritish Council  ұйымы беретін жүлде ұтысына қатыса алады. Ұтыс ойынына қатысу үшін TeachingEnglish веб-торабында тіркеліңіз. 

Серіктестер

«Өрлеу» БАҰО АҚ, Білім беру департаменті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Назарбаев зияткерлік мектебі, Macmillan Publisher.